600 мың теңгенің тортына қатысты дау: сот тыңдалымы кейінге шегерілді

Сурет: Instagram/akbergenova_nurshat
Астанада 2025 жылғы 13 қазанда кондитер Нұршат Ақбергенованың блогер Аселина Батырдың үстінен түсірген азаматтық талап-қою арызы бойынша негізгі сот талқысы өз жалғасын тапты. Дауға түрткі - 600 мың теңгенің торты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отырыс басында судья Гүлзада Рашқалиева Азаматтық іс жүргізу кодексінің 77, 268 және 269-баптарына сәйкес, іске филолог-маман, сот сарапшысы, республикалық сот сарапшылары палатасының мүшесі Бану Сагеданова тартылатынын хабарлады.

Ол маманға талапкердің пікірінше, ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін мәлімдемелер бар жарияланымдарға талдау жүргізу тапсырылғанын атап өтті. Сарапшы мәтінде осындай мәліметтердің бар-жоғын, олар қандай нысанда – мәлімдемелер, болжамдар пікірлер немесе бағалау ретінде ме және Нұршат Ақбергенованың беделі туралы теріс пікір қалыптастыруға қабілетті ме, жоқ па, соны  анықтауы тиіс.  Сараптама жүргізу бойынша шығыстар талапкер мен жауапкерге теңдей бөліп өтеу жүктелетін болады.

"Маманды тартуға және талап қою талаптарын бекітуге байланысты сот істі сарапшыға жібереді. Қорытындыларымен танысу үшін содан соң тараптарға жіберілетін болады. Кейін сот талқысы күні белгіленеді. Әзірге, бір апта уақыт бар. Сот отырысы белгісіз күнге дейін кейінге қалдырылады", деп сөзін түйіндеді Гүлзада Рашқалиева.

2025 жылғы 30 қыркүйекте Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотында кондитер Нұршат Ақбергенованың блогер Аселина Батырға қатысты заматтық талап-арызы бойынша алдын ала сот тыңдалымы өтті.  

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты