Полицейлер киберқауіптің тағы бір жаңа түрі пайда болғанын ескертті

Сурет: Zakon.kz
СҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мобильді құрылғыларды пайдаланушылар жол қозғалысы ережелерін бұзу туралы хабарламалар ретінде жасырын фишингтік шабуылдардың құрбаны болып жатқанын ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алаяқтар мессенджерлер мен электрондық пошта арқылы жүргізушілердің деректері, автокөлік нөмірлері және "айыппұл төлеу" сілтемесі бар жалған хабарламаларды жаппай таратып жатыр. Алайда бұл – фишингтік сілтеме. Онда банк картасының деректерін енгізгеннен кейін қаскүнемдер азаматтың есепшоттарына толық қол жеткізіп, барлық қаражатын ұрлауы мүмкін.

Кей жағдайларда сілтеме құрылғыдан жеке деректерді ұрлауға арналған вирусты қамтиды.

СҚО ПД киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мынаны еске салады:

"Айыппұл туралы ақпаратты тек ресми дереккөздерден – egov.kz порталынан және банктердің мобильдік қосымшаларынан тексеру қажет. "Айыппұлды төлеу сілтемесі" — бұл алаяқтықтың айқын белгісі. Егер сіз мұндай сілтемеге өтіп, өз деректеріңізді енгізіп қойған болсаңыз, дереу банк картаңызды бұғаттап, банкке және полицияға алаяқтық туралы хабарлаңыз, сондай-ақ құрылғыны вирустарға тексертіңіз", делінген полиция хабарламасында.

Айта кетсек, Қазақстанда құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында "Цифрлық қадағалау" жүйесі құрылған болатын.

Қазақстан
Алаяқтардан сақ болыңыз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды