Қостанай облысында полицейлер Барселонаға бет алып, жолда қиындыққа тап болған қытай әйеліне көмектесті

Сурет: freepik
Қостанай облысында полицейлер Шанхайдан Барселонаға жеке автокөлігімен шығып, жолда қиындыққа тап болған ҚХР азаматын жолықтырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция мәліметінше, жолдағы көктайғаққа байланысты көліктің дөңгелектеріне тайғанақтаудан қорғайтын арнайы зат орнату қажет болған. 

"Жолда көктайғақ кезінде полиция қызметкерлері бірден тоқтап, туриске көмек қолын созды. Шетелдік азамат полиция қызметкерлеріне алғысын білдіріп, сапарын жалғастырды", делінген хабарламада.

Бұған дейін Таразда мас күйдегі BMW жүргізушісі полицейлерден қашпақ болғанын жазғанбыз.

Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бұл – махаббат емес". ІІМ адамды аңдып, қудалағаны үшін жауапкершілік барын ескертті

Жалақыдан ұсталатын салықты есептеу жеңілдейді: Қазақстанда жаңа сервис іске қосылады

Мәскеуден Алматыға ұшқан SCAT ұшағы Астанаға шұғыл қонды

Қазақстанның төрт өңірінде жаңбыр аралас қар жауып, қарлы боран соғады: 9 қарашаға арналған жол болжамы

Ұлттық пантеонда кімдер жерленеді? Үкімет ережеге өзгеріс енгізді