Астанада мектеп жанындағы тұрғын үй кешеніне көлік соғылды

Сурет: видеодан алынды
Әлеуметтік желіде №111 мектеп маңындағы ғимаратқа соғылған көліктің видеосы тарады. Аталған жайтқа байланысты Zakon.kz редакциясы түсініктеме алу үшін Астана қалалық ПД-ның баспасөз қызметіне жүгінді.

Құзырлы ведомство Nissan автокөлігінің жүргізушісі Тұран даңғылындағы үй ауласындағы көктайғақты байқамай, рөліне ие бола алмай қалғанын, салдарынан көліктің жолдың бойынан шығып кеткенін растады.

"Көлік жол жиегінен ұшып, жасыл шөпті басып өтіп, ғимаратқа соғылған. Апат салдарынан Nissan автокөлігінің жолаушысы зардап шекті, ол жедел жәрдем бригадасының көмегімен медициналық мекемеге жеткізілді", - деді полициядағылар.

Аталған факт бойынша тексеру шаралары жүргізілуде.

Бұған дейін Атырау – Орал тас жолында болған жол апатынан екі баланың қаза тапқаны хабарланған болатын.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ресейде жаңа заң қабылданды: еңбек мигранттарының балалары 18 жасқа толған соң елден кетуі тиіс