Екі қабатты жеке үйдегі өрт тұрмыстық электр заттары қосылған желілік фильтр құрылғысындағы ақаумен байланысты болуы мүмкін. Дегенмен қорытынды тұжырым сараптамалар мен тергеу шаралары аяқталғаннан кейін жасалады.
"Оқиға орнында облыстық төтенше жағдайлар департаментінің Өрт-сынақ зертханасы жұмыс істейді. Алдын ала нұсқа бойынша, электр заттары қосылған желілік фильтр құрылғысындағы ақау өрттің шығуына түрткі болуы мүмкін. Алайда өрт-сынақ зертханасы сараптамасының қорытындысы әлі шыққан жоқ. Қазіргі уақытта өрт фактісі бойынша анықтау тағайындалды, тексеру іс-шаралары жүргізілуде", - деп Kazinform Jibek Joly телеарнасының эфирінде айтқан Айнабековтың сөздерін келтіреді.
2025 жылғы 18 қарашада таңертең Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Алғабас ауылында екі қабатты жеке үйде өрт шықты. Барлау және өртті сөндіру барысында үйден ес-түссіз жатқан үш адам табылып, эвакуацияланды. Одан бөлек 12 адам өлі күйінде табылды, оның тоғызы - балалар. Зардап шеккендердің үшеуінің жағдайы тұрақты-ауыр деп бағаланады.
19 қарашада вице-премьер Қанат Бозымбаев өртке қатысты алдын ала қылмыстық құрам анықталмағанын мәлімдеді.