2025 жылғы 1 желтоқсаннан бастап үш ірі акция іске қосылады: "Газбаллон", "Қауіпсіз Жаңа жыл" және "Пиротехника".
"Газбаллон" акциясы газбаллон жабдығын пайдаланумен байланысты бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған. Акция аясында автожолдар мен паркингтерде рейдтер жүргізу, үй басқарушы ұйымдардың басшыларымен және тұрғын алаптардың тұрғындарымен кездесулер ұйымдастыру, газ құю станцияларының қызметкерлерімен профилактикалық әңгімелер өткізу көзделген.
"Қауіпсіз Жаңа жыл" акциясының іс-шаралары жаппай жаңа жылдық мерекелерде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған. Эвакуациялық шығуларды, өрт дабылы жүйелерін тексеруді және өрт қауіпсіздігі нормаларын сақтауды, сондай-ақ кәсіпкерлермен және мерекелік кештерді ұйымдастырушылармен кездесулерді қоса алғанда, жаппай жаңа жылдық іс-шаралар өткізілетін орындарда профилактикалық жұмыс жүргізілетін болады.
"Пиротехника" акциясы пиротехникалық бұйымдарды пайдалану кезінде өрт пен жарақаттанудың алдын алуға бағытталған. Пиротехниканы сақтау және өткізу орындары бойынша бірлескен рейдтер жоспарланған.
Бұған дейін Алматыда жолаушылар тасымалына қатысты жаппай тексеріс басталғаны хабарланған.