Жеңілдетілген несиеден үмітті 50-ге жуық елордалық алаяқтың тұзағына ілініп, 7 млн теңгеден қағылды

Сурет: Zakon.kz
Елордалықтарға келтірілген материалдық шығын 7 млн теңгеден асады. Қазіргі таңда бұл дерек бойынша 50-ге жуық алаяқтық эпизод тіркеліп, олардың барлығы бір азаматтың әрекетімен байланысты екені анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдын ала тергеу барысында күдіктінің азаматтардың сеніміне кіріп, банк арқылы жеңілдетілген несие рәсімдеп беремін деп уәде беріп, түрлі сылтаулармен ақшалай қаражат алғаны анықталды. Атап айтқанда, ол құжаттарды дайындау, банк қызметкерлеріне көмек көрсету, кепілдік рәсімдеу және өзге де қызметтерді сылтау етіп, жәбірленушілерден ірі көлемде ақша жинаған.

"Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Оның басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бары тексеріліп жатыр. Тергеу аясында жәбірленушілердің саны артуы да мүмкін", деп хабарлайды Астана қалалық ПД баспасөз қызметі.

Полиция азаматтарға мемлекеттік және қаржылық бағдарламаларға қатысу кезінде барынша сақ болуды, несие рәсімдеу мәселелері бойынша тек ресми банктер мен уәкілетті ұйымдарға жүгінуді ескертеді. Бейтаныс тұлғаларға немесе делдалдарға ақша беру алаяқтыққа әкеп соғуы мүмкін.

Бұған дейін киберполицейлер Ақтөбедегі интернеттегі алаяқтың сыбайласын Павлодардан анықтағанын жазғанбыз.

Астана
Алаяқтардан сақ болыңыз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі