"Тегін кітаптар": қазақстандықтарға интернет алаяқтықтың жаңа схемасы пайда болғаны ескертілді

Сурет: freepik
Бас прокуратура Telegram-дағы кітап боттарының қатысуымен интернет алаяқтықтың жаңа схемасы пайда болғанын ескертеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шетелдік дереккөздердің мәліметтері бойынша, алаяқтар тегін электрондық кітаптар ретінде Telegram-ға зиянды файлдарды таратады, деп хабарлайды Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің Қылмыстық қатерлер мен қоғамдық қауіпсіздік тәуекелдерін болжау орталығы.

"Алдау схемасы өте қарапайым: Сіз Telegram-нан кітаптардың үлкен кітапханасына қолжетімділік туралы шектеусіз хабарлама аласыз. Қажетті басылым сұралғаннан кейін бот нақты сервиске ұқсатып жасай отырып, кітап сюжетінің қысқаша сипаттамасын жасайды, бірақ кітапты оқу немесе жүктеудің орнына Сізге "арнайы қосымша" деген атаумен вирустық файл жібереді. Файлды орнату өте ауыр салдарға әкеледі: парольдер мен ақшаларды ұрлау, хат алмасу және фотосуреттерге қол жеткізу, смартфонды қашықтан басқару және жеке деректерді жоғалту", делінген хабарламада.

Бейресми көздерден басқа қосымшаларды орнату жағымсыз салдарларға әкеліп соғуы мүмкін.

Бұған дейін 1414 нөмірі арқылы жасалатын алаяқтықтың жаңа қаупі туралы қазақстандықтарға ескерту жасалған болатын.

Қазақстан
ҚР Бас прокуратурасы
Алаяқтардан сақ болыңыз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

“Оқуға түсіремін”: Астанада 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды

Астанада AMANAT партиясының съезі өтіп жатыр – делегаттар "Әділет" партиясына қосылуды қолдады