53 млн теңгенің пәтерлері мемлекет меншігіне қайтарылды

Сурет: pixabay
Бас әскери прокуратура тұрғын үй қоры объектілерін мемлекет меншігіне қайтаруды қамтамасыз етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылы 26 қаңтарда құзырлы органның баспасөз қызметі хабарлады:

"Ақтөбе гарнизонының әскери прокуратурасы жүргізген талдау нәтижесінде қорғаныс ведомствосының балансында есепке алынбаған төрт пәтер анықталды. Аталған тұрғын үй-жайлардың 20 жылдан астам уақыт бойы тиісті түрде рәсімделген құқық белгілейтін құжаттары болмаған, соның салдарынан оларды заңды негіздерсіз бөгде тұлғалар пайдаланған. Қадағалау актісі негізінде Ақтөбе қаласы әкімдігінің талап арызы бойынша сот пәтерлерді мемлекет меншігіне қайтару туралы шешім қабылдады. Одан әрі аталған пәтерлер Қорғаныс министрлігінің балансына берілді".

Бас әскери прокуратура мәліметінше, қайтарылған тұрғын үйлердің бағалау құны 53 млн теңгеден асады.

Бұған дейін Қазақстан азаматының банктік шотынан 30,7 млн теңге табылып, тәркіленгенін жазғанбыз.

Қазақстан
Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

“Оқуға түсіремін”: Астанада 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді