Миранда қағидаты: қандай жағдайда полицейдің әрекеті заңсыз деп танылады

Сурет: Zakon.kz
ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары Жандос Өмірәлиев 2026 жылғы 26 қаңтарда конституциялық реформа жөніндегі комиссияның отырысы кезінде сот шешімінсіз қамауда ұстау шегін қайта қарау туралы ұсынысқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды корреспондент Zakon.kz.

Жандос Өмірәлиев Конституцияның 16-бабына сот санкциясынсыз адамды қамауда ұстау мерзімін 72 сағаттан 48 сағатқа дейін қысқарту жөнінде ұсынылып отырған түзетуді жан-жақты пысықтау керек деп санайды.

"Конституцияда адам мен азаматтың құқығының және бостандығының негізгі кепілдіктері бар екенін атап өткен жөн. Біздің ойымызша, Конституцияның өзін, яғни 48 сағаттық қамау мерзімін және оны ерекше жағдайларда ұзарту негіздерін егжей-тегжейлі сипаттау артықтау болатын сияқты. Бұл жағдай Қылмыстық-процестік кодексi аясында реттеледі. Құжатта 48 сағат, ал ерекше жағдайларда 72 сағатқа дейін ұстау мерзімі регламенттелген. Сонымен қатар сот және тергеу тәжірибесі қазірдің өзінде осы бағытта жылжып келеді", - деді Бас прокурордың бірінші орынбасары.

Оның айтуынша, айғақтарды жинау процесі толығымен цифрландырылған, осындай технологиялық инфрақұрылым бұлтартпау шарасын таңдауға немесе ұсталғандарды 36 сағат ішінде, ал кейбір жағдайларда 24 сағат ішінде босатуға мүмкіндік береді.

Бұған дейін Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Мәди Мырзағараев Қазақстан аумағында сот санкциясынсыз ұстау мерзімін 72 сағаттан 48 сағатқа дейін қысқартуды ұсынғанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды