Сарапшы Конституциядағы дінге қатысты нормаларға неге түзету енгізу керектігін түсіндірді

Сурет: Zakon.kz
"Қазақстан заңгерлер одағы" республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Серік Ақылбай 2026 жылғы 29 қаңтарда Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның отырысы барысында дінге қатысты нормаларға неге түзетулер енгізу керектігін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Серік Ақылбай бұған дейін діннің мемлекеттен бөлек қарастырылатынын Конституция деңгейінде тікелей бекітуді ұсынғанын еске салды.

"Бұл менің ғана жеке пікірім емес. Бүгінгі жағдай бұл мәселеге қатысты мемлекеттік көзқарасты нақты бекітіп көрсетудің өзектілігін танытады. Менің ұсынысым сіз бен біз талқылап жатқан жобаға еніп отыр. Алайда оның мазмұнын нақтылау маңызды деп санаймын. Осыған байланысты Қазақстан аумағындағы діни ұйымдардың қызметін заңға сәйкес жүзеге асырылатынын және конституциялық құрылыстың негіздерін қорғау, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығын, қоғамның рухани-адамгершілік құндылықтарын қорғау мақсатында заңмен шектелуі мүмкін екенін қосымша бекітіп көрсетуді ұсынамын", деп түсіндірді ол.

Оның айтуынша, бұл толықтыру аталған бастаманың мәнін ашып, оның нақты жүзеге асырылуын айқындайды.

"Сонымен қатар кейбір ережелерді пысықтау қажет деп санаймын. Соның ішінде адвокатураның мәртебесіне қатысты нормалар әлі де нақтылауды қажет етеді деп есептеймін.Бұл реттегі нормалар әлі де жетілдіруді қажет етеді", - деді Серік Ақылбай.

Бұған дейін Кәмелетке толған балаларға еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауды міндеттеу ұсынылғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды