Балқаш–Алакөл бассейндік су инспекциясына тиесілі жерлердің бір бөлігі Қараой табиғи қорықшасына беріледі

Фото: primeminister.kz
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 27 қаңтардағы "Іле–Балқаш" мемлекеттік табиғи резерваты аумағын кеңейтуге қатысты кейбір мәселелер туралы" қаулысы қабылданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатқа сәйкес, Алматы облысы Балқаш ауданы аумағында орналасқан, жалпы көлемі 19 820,1322 гектарды құрайтын Балқаш-Алакөл бассейндік су инспекциясына қарасты жер учаскелері су қоры жерлері санатынан алынады.

"Сонымен қатар "Іле–Балқаш" мемлекеттік табиғи резерватына жалпы аумағы 35 088,4747 гектар жер учаскелері тұрақты жер пайдалану құқығымен беріледі. Оның құрамына жоғарыда аталған жерлер, сондай-ақ жалпы көлемі 15 268,3425 гектарды құрайтын босалқы жерлер кіреді. Аталған аумақтың ішінде 33 525,1747 гектар жер Алматы облысы Балқаш ауданы аумағындағы Қараой мемлекеттік табиғи қорықшасында орналасқан",- делінген ақпаратта.

Аталған жер учаскелері ерекше қорғалатын табиғи аумақтар санатына ауыстырылады, ал бұл аумақтағы ормандар мемлекеттік орман қорының "мемлекеттік табиғи резерваттар ормандары" санатына жатқызылады.

Өз кезегінде Алматы облысының әкімдігіне резерват аумағының айналасында және оның шекарасындағы жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларға тиесілі жерлерде қорғау аймағын белгілеу тапсырылды. Бұл аймақта экологиялық жүйелердің жағдайына кері әсер ететін немесе олардың қалпына келуіне кедергі келтіретін кез келген қызметке тыйым салу немесе шектеу қойылады.

Мекеменің қаржыландырылуы республикалық бюджет есебінен, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұстауға арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

Аталған қаулы 2026 жылғы 10 ақпаннан бастап күшіне енеді.

Қазақстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Айдос Сарым Президент Жолдауын тарихи міндеттерді айқындайтын құжат деп таныды

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған

Қазақстанның мемлекеттік қарызы 38,8 трлн теңгеге жетті: Қаржы министрлігі түсініктеме берді