Қазақстанда мотор майларын таңбалау ережесі бекітілді

Фото: Zakon.kz
Энергетика министрі 2026 жылғы 30 қаңтардағы бұйрықпен мотор майларын таңбалау және қадағалау ережелерін бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мотор майларын таңбалау және оларды қадағалау қағидалары ҚР аумағында мотор майларын сәйкестендіру құралдарымен таңбалау тәртібін, сондай-ақ олардың одан әрі қадағалау тәртібін айқындайды.

Өндіруші Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген мотор майларын жаңа меншік иесіне немесе басқа тұлғаға алғашқы ақыға немесе ақысыз беру алдындағы сәйкестендіру құралы арқылы таңбалауды жүзеге асырады, бұл таңбалау сол тұлғаға меншіктеу немесе кейіннен өткізу мақсатында жүзеге асырылып, оның таралуы және (немесе) қолданылуы үшін қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

Импорттаушы Қазақстан Республикасының аумағы сыртында өндірілген мотор майларын Қазақстан Республикасының аумағына әкелу алдындағы немесе ішкі тұтыну үшін, сондай-ақ қайта экспорт (реимпорт) мақсатында кедендік рәсімдерге қою алдындағы сәйкестендіру құралы арқылы таңбалауды қамтамасыз етеді.

Мотор майлары айналымы қатысушыларының тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесіндегі қызметін жүзеге асыру шарттары:

Осындай аппараттық-бағдарламалық кешен болмаған немесе тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесіне интеграциясы жоқ болған жағдайда, мотор майлары айналымының қатысушысы мәліметтерді тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесінің жеке кабинеті арқылы Операторға жібереді.

Мотор майларын бөлшек саудада өткізу арқылы жүзеге асыратын айналымға қатысушы белгіленген шарттардан бөлек, мынадай шарттардың:

Мотор майлары айналымының қатысушысы өз атынан тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесінде мәліметтерді беру және сұрау құқығына ие уәкілетті тұлғаларды анықтайды.

Мотор майлары айналымының қатысушысы тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесінде тіркелгеннен кейін Оператор 24 сағат ішінде:

Мотор майын тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесінде тіркеу мыналар:

"Мотор майы" санатында мотор майын тіркеу үшін мотор майлары айналымының қатысушысы тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесінде мынадай мәліметтерді көрсетеді:

Мотор майы туралы мәліметтерді тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесінде тіркеу мынадай жағдайларда:

Мотор майларының сәйкестендіру құралы машинамен оқу үшін жарамды GS1 DataMatrix екі өлшемді штрих-коды түрінде тұтынушылық және (немесе) топтық қаптамаға, не тікелей тұтынушылық қаптамаға және (немесе) топтық қаптамаға орналастырылатын және сәйкестендіру құралын зақымдамай бөліп алуға жол бермейтін әдіспен жағылатын этикеткаға қолданылады. Сәйкестендіру құралы тұтынушылық қаптаманың зақымдалмай алынатын конструкциялық бөлшектеріне орналастырылмайды.

Таңбаланған мотор майларын топтық қаптамаға жинақтау кезінде қажет болған жағдайда мұндай қаптамаға осы қаптамаға орналастырылған тауарлардың сәйкестендіру құралдарын агрегаттауды қамтитын сәйкестендіру құралы қолданылады.

Көліктік қаптаманың сәйкестендіру кодының құрамын мотор майларын көліктік қаптамаға агрегаттау жүзеге асырылатын айналымға қатысушы айқындайды.

Штрих-код форматындағы сәйкестендіру құралдары:

Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесі тұтынушылық және (немесе) топтық қаптамаға немесе тауардың тікелей қаптамасына немесе топтық қаптамаға орналастырылған сәйкестендіру құралында қамтылған таңбалау кодын қайта қалыптастыруға (генерациялауға) жол бермейді.

Бұйрық 2027 жылғы 1 ақпаннан бастап енгізілетін нормаларды қоспағанда, 2026 жылғы 4 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев: Негізгі заңға жасалатын өзгерістер жаңа Конституция қабылдауды қажет етеді

Қазақстан азаматы Оңтүстік Кореядағы зауыттағы өрт кезінде жоғалып кетті

Қазақстанның 12 қаласында ауа ластанады

Алматы тұрғыны жаңа Конституция туралы жалған ақпарат таратқаны үшін жазаланды

Жаңаөзенде ер адам өзінің әйелін өлтірді деген күдікке ілінді - марқұмның артында жеті баласы қалды