Ауыл әкімдерінің бюджетіне келіп түскен түсімдер саны аталды

Сурет: Zakon.kz
Премьер-министр Олжас Бектенов өзіне келіп түскен депутаттық сауалға берген жауабында 2025 жылы ауыл әкімдіктерінің бюджеттеріне түскен түсімдер бойынша есеп-қисап ұсынды, деп хабарлайды Тілші Zakon.kz.

Ол бүгінгі күні ауылдық округтердің бюджеттері 25 түрлі салықтық және салықтық емес түсімдер, сондай-ақ аудандық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен қалыптастырылатынын еске салды.

"2025 жылдың қорытындысы бойынша ауылдық деңгейдегі бюджеттерге іс жүзінде 442,3 млрд теңге түскен, оның ішінде меншікті кірістер 147,0 млрд теңгені немесе бюджеттің жалпы көлемінің 33,2 %-ын құрайды. Қазіргі уақытта 2025 жылғы түсімдерге әрбір ауылдық округ бөлінісінде талдау жүргізілуде. Кіріс базасын кеңейту мақсатында 2026 жылдан бастап кең таралған пайдалы қазбалар, жерасты сулары мен емдік балшықтар бойынша пайдалы қазбаларды өндіру салығы ауылдық округтердің бюджеттеріне берілді", делінген жауапта.

Сондай-ақ жұмыс тобының жұмысы шеңберінде жекелеген салықтық түсімдерді, оның ішінде:

Осы түзетулер мүдделі мемлекеттік органдармен келісіліп, Үкіметтің тиісті қорытындысы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігіне келісуге жіберілген. Аталған түзетулер қабылданса, ауылдық округтердің бюджеттеріне 240 млрд теңгеге жуық қосымша түсімдер түседі.

Бұған дейін заңға өзгерістер мен түзетулер енгізілгеннен кейін ауыл әкімдері 11 функциясынан айырылатынын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі