Қарағанды облысында пәтер тонаумен айналысқан қылмыстық топтың жолы кесілді

Сурет: polisia.kz
Қарағанды облысында криминалдық полиция қызметкерлері "Арлан" арнайы мақсаттағы бөлімшесінің жауынгерлерімен бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында пәтер ұрлығымен айналысқан қылмыстық топты әшкерелеп, 35-39 жас аралығындағы үш ер адам ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, олар алдын ала сөз байласып, қылмыстарды нақты жоспарланған схема бойынша жасаған.

"Жыл басында күдіктілер Лобода көшесіндегі тұрғын үйлердің біріне металл қоршауды, пластик терезені күшпен бұзып, заңсыз кірген. Содан алтын бұйымдар мен гауһар тастары бар әшекейлер (шамамен 40 атау), күзен тон және ноутбукты ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келтірілген жалпы материалдық шығын 20 миллион теңгеден асып отыр. Аса ірі көлемдегі ұрлық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта жан-жақты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", делінген полиция хабарламасында.

Полицейлер олардың өңір аумағында тіркелген өзге де ұқсас қылмыстарға қатыстылығын тексеріп жатыр.

Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін