ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, дрондарды пайдалану құқық бұзушылықтарды нақты уақыт режимінде, әсіресе апаттық қауіпті учаскелер мен көлік қозғалысы қарқынды жолдарда тіркеуге мүмкіндік береді.
"Әуе арқылы бақылау объективтілік пен ашықтықты қамтамасыз етіп, жауапкершіліктің бұлтартпастығын күшейтеді. Барлық материалдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес рәсімделіп, қаралады", – деп хабарлайды патрульдік полицейлер.
"Заң мен Тәртіп" қағидаты полиция қызметінің негізгі бағыты болып қала береді.
"Жаңа технологияларды қолдану ең алдымен құқық бұзушылықтардың алдын алуға және азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігін қорғауға бағытталған. Негізгі мақсат – жазалау емес, құқық бұзушылықтың алдын алу және жолдағы тәртіп мәдениетін қалыптастыру. Жол қозғалысы қағидаларын сақтау – әрбір жүргізушінің міндеті әрі ортақ қауіпсіздіктің кепілі. Заң мен тәртіптің қызметіндегі дрондар – қауіпсіз әрі тәртіпті жолдарға жасалған тағы бір маңызды қадам", делінген полиция хабарламасында.
Бұған дейін ел азаматтарының бірі өзіне қойылған диагнозына байланысты жүргізуші куәлігінен айырылып қалғанын жазғанбыз.