Өскемен әуежайының экс-басшысы 8 жылға сотталды

Сурет: pixabay
Өскемен қаласы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында 100% акциясы мемлекетке тиесілі "Өскемен әуежайы" АҚ президенті мен атқарушы директорына қатысты қозғалған қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, "Өскемен әуежайы" АҚ президенті Қ. мен атқарушы директоры С. өз қызметтік өкілеттіліктерін пайдаланып, алдын ала сөз байласқан топ құрамында бірнеше рет аса ірі көлемде бөтен мүлікті жымқырғандары анықталды.

"Өскемен әуежайы" АҚ материалдық-техникалық қамтамасыз ету тобының басшысы Д. өз қызметтік өкілеттілігін пайдаланып, алдын ала сөз байласқан топ құрамында Қ. мен бірге сеніп тапсырылған бөтен мүлікті жымқырғаны үшін ҚР ҚК-нің 189-бабының 2-бөлігі, 1 және 3-тармақтары бойынша сотталды.

Сот анықтағандай, айыпталушылар 2018 жылдан 2023 жылға дейін еңбек шарттары бойынша келісімшарттар жасап, сыртқы ұйымдарға төлем шығыстарын көбейтіп, келісімшарттағы сомма пен нақты төленген сомма арасындағы айырманы өз пайдасына аударып отырған.Сотталушылар өз кінәсін толығымен мойындаған жоқ.

Сот үкімімен:

Сонымен қатар, сот "Өскемен әуежайы" АҚ-ның азаматтық талап арызын қанағаттандырды: К.-дан 120 512 179 теңге өндірілді; К. мен С.-дан бірлесіп 18 718 914 теңге өндірілді; К. мен Д.-дан бірлесіп 2 127 501 теңге өндірілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін Астанада беделді мектептің директоры мен бухгалтері сотталғаны хабарланған болатын.

Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген қарындасының 25 жасқа толуына орай ерекше сыйлық жасады

Полиция қызметкерлерінің жеке істерін жүргізу қағидалары өзгертілді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда инвестициялық өсімнің жаңа кезеңі басталды