Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына не "цифрлық үкіметтің" веб-порталы арқылы құжаттарды қоса бере отырып, нысан бойынша өтініш береді.
- некеге тұру (бұзу), отбасы мүшелерінің қайтыс болуы, балалардың тууы туралы куәліктердің көшірмелері (қажет болуына қарай цифрлық жүйеде мәліметтер жоқ болған жағдайда);
- жалдау шарты не тұрғынжай ордері;
- көрсетілетін қызметті алушының отбасы мүшелері деп басқа адамдар танылған жағдайда соңғысы өздерін көрсетілетін қызметті алушының отбасы мүшелері деп тану туралы сот шешімінің көшірмесі ұсынады;
- цифрлық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 13-бабының 8-тармағына жататын азаматтар мемлекеттік тұрғын үй қорынан өздері тұратын тұрғын үйлерді меншігіне тегін алу құқығын растайтын құжаттың көшірмесін қосымша ұсынады;
- мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың жұмыскерлері, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, судьялар және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар санатына жататын азаматтар жұмыс орнынан (қызметтен) анықтаманы не жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін қосымша ұсынады;
- ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер Қазақстан Республикасының Үкіметі беретін өздерінің мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесін ұсынады;
- тұрғынжайды жалдау шарты бойынша берешектің жоқ екендігін растайтын құжат;
- жекешелендірген жағдайда – мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды меншігіне өтеусіз алуға құқығы бар азаматтардың санатына жататынын растайтын құжаттың көшірмесі.
Жеке басын куәландыратын құжаттардың, некеге тұру немесе некені бұзу туралы (2008 жылғы 1 маусымнан кейін), қайтыс болу туралы (2007 жылғы 13 тамыздан кейін), балалардың тууы туралы куәліктерінің мәліметтері (2007 жылғы тамыздан кейін), меншік құқығында оларға тиесілі тұрғынжайдың (Қазақстан Республикасы бойынша) бар-жоғы туралы мәліметтер, мекенжайы туралы мәліметтер, басқа адамдарды көрсетілетін қызметті алушының отбасы мүшелері деп тану туралы сот шешімі, көрсетілетін қызметті алушының халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататынын растайтын құжаттардың мәліметтері көрсетілетін қызметті беруші отбасының барлық мүшелеріне "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушылардан цифрлық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттар мен мәліметтерді талап етуге жол берілмейді.
Егер республика заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде цифрлық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді деп көзделген.
Бұдан басқа, көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы Мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
Сондай-ақ, тұрғын үй қатынастары саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын уәкілетті орган осы қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Енгізілген өзгерістер немесе толықтырулар туралы ақпаратты "цифрлық үкімет" операторына, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығына жолдайды" делінген.
Бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.