Қазақстанда жер телімдері бойынша электронды сауда-саттық өткізу қағидалары өзгерді

Фото: pexels
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі 2026 жылғы 7 сәуірдегі бұйрығымен мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында жер учаскелерін немесе жер учаскесін жалға алу құқығын электрондық форматта сату бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) ұйымдастыру және өткізу қағидаларына өзгерістер енгізді.

Құжатта бірқатар ұғымдар жаңартылған:

Жер учаскесі сауда-саттыққа (аукционға) шығарылғанға дейін уәкілетті орган қызметкері әрбір объект бойынша келесі жұмыстарды қамтамасыз етеді:

Бос жер учаскелері туралы мәліметтерді орналастыру келесі тәртіппен жүзеге асырылады:

Сондай-ақ веб-порталда сауда-саттықты (аукционды) құру тәртібі өзгертілді:

Егер өтінімде көрсетілген деректер мемлекеттік деректер базалары мен цифрлық жүйелерден автоматты түрде алынбаса, қатысушы оларды өзі енгізіп, растайтын құжаттарды қоса тіркеуге міндетті екені көрсетілген.

ЦЖБМКЖ сауда-саттық нәтижелері бойынша порталға келесі құжаттарды жолдайды:

Егер сауда-саттық (аукцион) өтпей қалса, уәкілетті орган қызметкері ӨГАЖ-де жаңа лот құрады (жаңа лот нөмірі бұрын өтпеген лоттың нөмірімен сәйкес келмеуі тиіс). Кейін ӨГАЖ қайтадан саудаға шығарылатын жер учаскесі туралы мәліметтерді ЦЖБМКЖ-ға жолдайды.

Сондай-ақ веб-порталда уәкілетті орган қызметкері осы объект бойынша бұрын берілген жер учаскесінің шартты сәйкестендіру нөмірі негізінде жаңа сауда-саттықты (аукционды) құрады.

Сонымен қатар, сауда-саттық (аукцион) барысында техникалық ақау туындаған жағдайда ұйымдастырушы оның болғанын тіркеп, ақау бар екені туралы ақпаратты веб-порталда жариялау арқылы барлық қатысушыларды хабардар етеді.

Егер қатысушы тараптың компьютерлік және (немесе) телекоммуникациялық жабдығында техникалық ақау орын алса, сауда-саттық жалғастырыла береді.

Ал егер веб-порталдың өзінде сауда-саттық өткізуге кедергі келтіретін техникалық ақау тіркелсе, ұйымдастырушы бұл туралы дереу Ұлттық киберқауіпсіздікті үйлестіру орталығын, сатушыны хабардар етеді және ақау жойылғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде сауда-саттықты жалғастыруды ұйымдастырады. Бұл ретте қатысушыларға сауда-саттықтың жалғасатын күні мен уақыты туралы алдын ала хабар беріледі: ақпарат веб-порталда жарияланады және олардың порталдағы электрондық поштасына хабарлама жіберіледі.

Сауда-саттық нәтижелері туралы хаттама – сауда қорытындыларын және жеңімпаз бен сатушы арасында жер учаскесін сатып алу немесе жалға алу шартын жасасу талаптарын бекітетін құжат болып табылады.

Сауда-саттықтың жеңімпазы веб-порталда автоматты түрде қалыптастырылатын хаттама негізінде анықталады. Осыдан кейін портал ЦЖБМКЖ жүйесіне сауда-саттықтың өткені туралы мәртебені және нәтижелер туралы электрондық хаттаманы жолдайды.

ЦЖБМКЖ алынған мәліметтерді сақтап, оларды МЖКГ-ға қайта жібереді, бұл жер учаскесінің мәртебесін жаңартуға мүмкіндік береді.

Жер учаскесін сатып алу немесе жалға алу шарты электрондық форматта веб-порталда жасалып, сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде сатушы мен сатып алушы тарапынан электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы бекітіледі.

Веб-портал ЦЖБМКЖ жүйесіне "Сатып алу шартына қол қойылды" деген мәртебені және жер учаскесін сатып алу немесе жалға алу шартын электрондық түрде жолдайды.

ЦЖБМКЖ бұл мәртебені МЖКГ-ға жіберіп, жер учаскесінің мәртебесін жаңартады, сондай-ақ шартты жеңімпаздың жеке кабинетінде сақталуын қамтамасыз етеді.

Жер учаскесін сатып алу немесе жалға алу шарты бойынша есеп айырысу сатушы мен сатып алушы арасында тікелей жүзеге асырылады.

Сонымен бірге сатып алушы төлемдерді ұйымдастырушыға келесі тәртіппен аударады:

Сатып алушы 10 000 АЕК-ке дейінгі (2026 жылы 43 250 000 теңге) төлемдерді "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы ұйымдастырушыға аударады. Ал төлем сомасы 10 000 АЕК-тен асқан жағдайда, жеңімпаз төлем жүргізілгені туралы электрондық түбіртектің көшірмесін қоса тіркеуге міндетті.

Бұйрық 2026 жылғы 11 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

Бұған дейін Қазақстанда жер учаскелерінің жерге орналастыру жобасын жасау қағидалары өзгергені туралы хабарланған болатын.

Алматы
Шымкент
Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі