Астанада демалыс базаларындағы жалға берілетін үйлер алаяқтардың назарына іліккен

Сурет: Zakon.kz
Астанада криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында алаяқтық жасады деген күдікпен 35 жастағы азаматты ұстады. Күдіктінің елорда маңындағы демалыс базаларынан үйлерді жалға беремін деген сылтаумен азаматтарды алдағаны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдікті Instagram-да жалған хабарландырулар орналастырып, жәбірленушілерді арзан әрі қолжетімді ұсыныстармен қызықтырған.

"Хабарласқан азаматтарға "басқа адамдар да күтіп отыр, үйлер тез өтіп кетеді" деп сендіріп, алдын ала төлем жіберуді талап еткен. Жәбірленушілер көрсетілген есепшоттарға ақша аударған. Күдікті ақшаларды басқа есепшоттарға аудартып, алынған қаражатты жеке қажеттіліктеріне жұмсаған. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Күдіктінің 7 эпизодқа қатысы бары анықталды", делінген хабарламада.

Полиция азаматтарды сақ болуға, күмәнді хабарландыруларға сенбеуге және алдын ала төлем жасамас бұрын ақпараттың шынайылығына көз жеткізуге шақырады.

Бұған дейін 61 жастағы бельгиялық кәсіпкер және инвестор Фрэнк Монстрейге Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі тарапынан іздеуге жарияланғаны хабарланған.

Алаяқтардан сақ болыңыз
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бас прокуратура инвестордың уәжінен кейін Шымкент полициясының үстінен тергеу бастады

Амнистия аясында бірнеше миллиард теңгенің айыппұлы кешірілуі мүмкін

Қытай көлігін сатып алушылардың шоттары жаппай бұғатталып жатқаны рас па - МКК жауабы

Мемлекет басшысы Мәдениет және өнер қызметкерлеріне жүгінді

Танымал бренд жеке алтын құймаларын шығарды