Маңғыстау облысында үй ауласынан оқушы бала өлі күйінде табылды

Сурет: pixabay
Маңғыстау облысында полиция 12 жасар баланың өлімі бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының тұрғындары тұншығу белгілері бар оқушы баланың денесін тауып алған. Қайғылы оқиға жеке сектордағы үйлердің бірінің ауласында болған.

"Оны алдымен басқа бала көрген, бастапқыда ол әткеншек теуіп отыр деп ойлаған. Ал қасына жақындап келіп, мұқият қарағанда баланың беті көкпеңбек болып, аузынан ақ көбік шығып жатқанын көреді. Содан кейін ол дауыстап әке-шешесін шақырады, өз кезегінде олар полиция мен жедел жәрдем қызметіне хабарласқан. Оқиғаның себебі әлі анықталған жоқ", деп жазады Lada.kz қайғылы оқиғаның куәгеріне сілтеме жасап.

Баланың өлімін облыстық жедел жәрдем станциясының қызметкерлері растады. Дәрігерлердің айтуынша, оқиға орнына шақырту 1 маусымда тіркелген. Дәрігерлер 2014 жылғы кәмелетке толмаған баланың өлімін растады.

Өңірлік полиция департаменті де болған оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

"1 маусымда полицияға Мұнайлы ауданы Атамекен ауылындағы үйлердің бірінде баланың көз жұмғаны туралы хабарлама келіп түсті. Алдын ала мәліметтер бойынша, 12 жасар бала аулада қолдан жасалған әткеншекпен ойнап жүргенде жазатайым оқиғаға тап болып, салдарынан өміріне сәйкес келмейтін жарақат алған", - деді Маңғыстау облыстық ПД.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Қазіргі уақытта қайғылы оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпараттар жария етуге жатпайды", - деп толықтырады полициядан.

Бұған дейін Петропавлда жыл басынан бері қорлық көрген 38 әйел полицияның сенім телефонына жүгінгені хабарланған.

Қазақстан
Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматы маңында есірткі зертханасы жойылды: күдікті өмір бойына түрмеге тоғытылуы мүмкін

"Қар, бұршақ, тұман". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Алматыда мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету ережесі өзгерді

Елордада пәтер ұрлығын жасаған күдікті ұсталды

Қазақстанда 2025 жылы рақымшылық бойынша қанша адам бостандыққа шықты