Петропавлда жыл басынан бері қорлық көрген 38 әйел полицияның сенім телефонына жүгінген

Полиция, сенім телефоны, Петропавл, тұрмыстық зорлық-зомбылық, сталкинг, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.06.2026 19:48 Сурет: Zakon.kz
Жыл басынан бері Петропавлда отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы әрекеттері үшін 654 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Зорлық-зомбылық белгілерін дер кезінде танып, көмекке жүгінуге кеңес бере білу маңызды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары полицияның сенім телефонына 8 (7152) 49-31-58 нөмірі арқылы, ал петропавлдықтар 8 (7152) 612-530 нөмірі арқылы хабарласа алады. Сондай-ақ "111" ұлттық сенім телефонына немесе "102" арнасына жүгінуге болады.

Петропавл қаласы полиция басқармасы бастығының орынбасары Айдын Ахмағамбетовтің айтуынша, қаңтар айынан бері облыс орталығының 38 тұрғыны сенім телефонына кеңес алу үшін хабарласқан. Олардың 16-сы кейіннен арыз жазып, құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Полицейлер нысаналы топтармен кешенді жұмыс жүргізуде. Атап айтқанда, жоғары сынып оқушылары мен студенттер арасында буллинг пен зорлық-зомбылықтың өзге де түрлерінің алдын алуға бағытталған кездесулер ұйымдастырады. Бүгінде қалада 853 адам профилактикалық есепте тұр. Тәртіп сақшылары оларды тұрғылықты жері бойынша тексеріп қана қоймай, психологтармен кездесулерге шақырып, басқа да іс-шаралар өткізеді. Сонымен қатар отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша рейдтер тұрақты негізде жүргізілуде. 

Бұған дейін Ақтөбе облысында сталкинг бабымен ер адам жазаға тартылғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: