Астанада жыл басынан бері вандализм бойынша 150 адам жауапқа тартылды
Сурет: gov.kz
Елордада вандализм әрекеттері мен қоғамдық тәртіпті бұзу жағдайларының алдын алу бойынша жүйелі жұмыс жалғасып жатыр. 2025 жылдың басынан бері осыған ұқсас құқықбұзушылықтар үшін 150 адам жауапқа тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қала әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жауапқа тартылған 150 адамның 82-сі қамауға алынып, 68-іне айыппұл салынған.
"Мәселен, 26 шілдеде түнгі сағат 03:39 шамасында Бектұров көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінің кіреберісінде 19 жастағы жас жігіт мас күйінде ақпараттық стендті жұдырықпен ұрып, әдейі сындырған. Оған ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 147-1-бабы, "Бөгде мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру" бойынша әкімшілік жауапкершілік жүктелді. Тағы бір жағдайда 45 жастағы қала тұрғыны Toyota Avensis маркалы автокөлікті бүлдірген: капотын, есіктерін сырып кеткен. Материалдық залал келтірілді. Құқық бұзушының тұлғасы анықталып, оған да тиісті әкімшілік шаралар қолданылды", делінген хабарладама.
Айта кетсек, бөгде мүлікті әдейі жою немесе бүлдіру үшін 60 АЕК-ке дейін айыппұл салу немесе 30 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылады.
Бұған дейін Астанада вандалдар жаңа LRT вагондарына граффити салып кеткені хабарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript