Ақтөбе облысында сталкинг жасаған ер адам анықталды

Центр оперативного управления департамента полиции, сотрудники полиции, видеонаблюдение, полиция, полицейские, ЦОУ, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.04.2026 10:24 Фото: Zakon.kz
Полицияға 29 жастағы әйел бұрынғы жұбайына қатысты арызбен жүгінді. Оның айтуынша, ер адам ай басынан бері мазасын алып, қайта-қайта аңдып жүрген.

Учаскелік полиция инспекторлары ер адамды полиция бөліміне жеткізді.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Еске салайық, азаматтардың жеке бас бостандығын қорғауды күшейту мақсатында және "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасын іске асыру аясында 2025 жылғы 16 шілдеде Мемлекет басшысы қылмыстық кодекске жаңа 115-1-бап — "Сталкинг" енгізілген заңға қол қойған болатын.

Заң күшіне енген сәттен бастап Ақтөбе облысында сталкингтің 6 фактісі тіркелді, оның біреуі сотқа жолданды.

Сталкинг — бұл зорлық-зомбылықсыз жүзеге асырылатын, бірақ жәбірленушіге зиян келтіретін, оның еркіне қарсы байланыс орнатуға және (немесе) аңдуға бағытталған заңсыз қудалау.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: