Қазақстанда стратегиялық цифрлық майнинг ережелері әзірленді

Фото: Zakon.kz
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі "стратегиялық цифрлық майнингті жүзеге асыру қағидалары" жобасын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжаттың мақсаты – Қазақстан Республикасында стратегиялық цифрлық майнингті жүзеге асыру тәртібін айқындау және бекіту.

Жоба аясында стратегиялық цифрлық майнингті жүргізу шарттары белгіленеді. Оның ішінде қызметті энергетикалық ресурстармен қамтамасыз ету ерекшеліктері де қарастырылған.

Сонымен қатар қағидаларда стратегиялық цифрлық майнинг субъектілері өндіретін цифрлық активтердің бір бөлігі есебінен Ұлттық стратегиялық крипторезервті қалыптастыру тетіктері анықталады.

Ережелерді әзірлеуге негіз болған құжат – Үкіметтің "Цифрлық активтер индустриясының кейбір мәселелері туралы" 2026 жылғы 28 мамырдағы қаулысы (құжат құпия болып табылады).

Жоба 1 шілдеге дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында орналастырылған.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы