Туроператорлық қызметке лицензия беру қағидалары өзгерді

Сурет: pexels
Туризм және спорт министрінің 2026 жылғы 8 шілдедегі бұйрығымен "Туроператорлық қызметке лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатта мемлекеттік қызметті Астана, облыстар және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары заңды және жеке тұлғаларға көрсететіні айтылған.

Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz, "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер базасының цифрлық жүйесі www.elicense.kz (МДБ ЕЛ) арқылы мынадай құжаттарды жолдауы қажет:

Лицензияны немесе лицензияға қосымшаны алу үшін:

Лицензияны немесе лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін:

Порталға жүгінген сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетілген кезде көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері бойынша бюджетке туроператорлық қызметпен айналысу құқығына лицензиялық алым төленеді:

Төлем қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер, банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, сондай-ақ портал арқылы жүргізіледі. Төлем "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (ПШЦП) арқылы да жүзеге асырылуы мүмкін.

Туристік қызмет саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратты тиісті нормативтік құқықтық акт әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде Бірыңғай байланыс орталығына, "электрондық үкіметтің" операторына, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсетушілерге жолдайды.

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдайды, МДБ ЕЛ жүйесінде тіркейді және орындау үшін көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесіне береді.

Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттар тіркелген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде МДБ ЕЛ жүйесінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

Жеке басын куәландыратын құжаттар, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның төленгенін растайтын мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.

Егер көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес топтамасын немесе қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынса, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері ұсынылған құжаттар тіркелген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат түрінде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды және оны МДБ ЕЛ жүйесіндегі жеке кабинетке жолдайды.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіздер анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім қабылданғаны, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының алдын ала шешім бойынша өз ұстанымын білдіруі үшін тыңдау өткізілетін уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде үш жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарлама жіберілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі.

Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші МДБ ЕЛ жүйесінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты береді.

Берілген рұқсаттарды тіркеу және есепке алу рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық жүйесінде автоматты режимде жүргізіледі.

Бұйрық 2026 жылғы 27 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Ғалым, мұғалім, дәрігер: Орталық сайлау комиссиясы "Әділет" партиясының кандидаттар тізімін тіркеді

2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты матчтарының Қазақстан уақыты бойынша кестесі жарияланды

Қазақстанда 30-дан астам жаңа мамандық пайда болады

Бір тәулікте 55 орман өрті: Қазақстанда найзағай тілсіз жауға себеп болды

Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап автокөліктердің "сұр" импортын тежеу күшейтілмек