Пошта қызметтерін ұсыну ережелері өзгерді

Фото: qazpost.kz
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің міндетін атқарушының 2026 жылғы 8 шілдедегі бұйрығымен пошта байланысы қызметтерін көрсету қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, цифрлық жүйе болған жағдайда пошта операторлары пошта саласындағы қызметтерді автоматтандырылған (электрондық) құрылғылар, жабдықтар және цифрлық жүйелер арқылы көрсететіні, сондай-ақ оларды қызмет көрсету процестерін автоматтандыру және оңтайландыру үшін пайдаланатыны нақтыланды.

Сондай-ақ ішкі пошта жөнелтілімдерінің түрі мен санатына қарай олардың мекенжай жағының жоғарғы бөлігінде мынадай қосымша жазулар болуы тиіс екені көрсетілді:

сәлемдемелерде және оларға қоса берілетін бланкілерде, оның ішінде карантиндік бақылауға жататын өнімдері бар сәлемдемелерде – "Жарияланған құны ... теңге" деген белгі қойылады.

Тіркелетін пошта жөнелтілімдерін жіберу оларды қабылдауды құжатпен немесе электрондық түрде растау, жіберушіге қағаз немесе электрондық форматтағы растаушы құжат беру, пошта тіркеу нөмірін (әріптік-сандық сәйкестендіру штрих-коды) беру, сондай-ақ жөнелтілімді қол қойдыру арқылы немесе автоматтандырылған (электрондық) құрылғылар, жабдықтар мен цифрлық жүйелердің көмегімен жеткізілгенін растау арқылы жүзеге асырылады.

Тіркелетін пошта жөнелтілімдері міндетті түрде кері мекенжайы көрсетілген жағдайда ғана қабылданады.

Тіркелетін пошта жөнелтілімінің қаптамасында:

Тіркелетін пошта жөнелтілімін қабылдау кезінде пошта операторы пошта жөнелтілімінің бланкісін қағаз немесе электрондық түрде толтырады.

Тізім бойынша қабылданған пошта жөнелтілімдеріне қағаз немесе электрондық форматта бір ғана растаушы құжат беріледі.

Қағидада ішкі және халықаралық тапсырысты пошта жөнелтілімдерімен, Қағидалардың 28 және 29-тармақтарында көрсетілген заттардан бөлек, мынадай заттарды жіберуге болатыны нақтыланды:

ішіндегі заттардың тізімдемесі бар және жарияланған құны көрсетілген тіркелетін пошта жөнелтілімдерімен Қазақстан Республикасының ұлттық валютасындағы және шетел валютасындағы банкноттар мен монеталарды жіберуге болады. Бұл жағдайда жіберуші белгіленген үлгідегі өтінішті толтырады.

Жарияланған құны бар ішкі пошта жөнелтілімдері арқылы да мыналар жіберіледі:

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы аумағында жіберілетін пошта ақша аударымының сомасына шектеу қойылмайды, егер бұл қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жоятын қаруды таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамада өзгеше көзделмесе.

Пошта операторының гибридті жөнелтілім қызметі мынадай тәртіппен жүзеге асырылады: алғашқы кезеңде жөнелтілім цифрлық жүйеде, интернет-ресурста тіркелген немесе электрондық тасымалдағыштарды пайдаланатын пошта қызметін пайдаланушыларға электрондық хат (хабарлама) түрінде жіберіледі, ал кейінгі кезеңде тіркелетін немесе тіркелмейтін хат (пошта карточкасы) ретінде жеткізіледі немесе керісінше, алғашқы кезеңде хат (пошта карточкасы) жіберіліп, кейінгі кезеңде цифрлық жүйелер, интернет-ресурстар, электрондық пошта немесе электрондық абоненттік пошта жәшігі арқылы электрондық хат (хабарлама) түрінде жеткізіледі.

Алғашқы кезеңде пошта операторының цифрлық жүйесі арқылы электрондық хат (хабарлама) ретінде жіберілетін тіркелетін немесе тіркелмейтін хаттарға (пошта карточкаларына) пайдаланушы куәландырушы орталық берген электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) қол қояды және олар ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып жіберіледі.

Пошта операторының цифрлық жүйесіне кейіннен пошта жөнелтілімі ретінде жеткізу үшін жіберілген электрондық хат (хабарлама) қағазға басылып шығарылады. Басылған нұсқада электрондық хаттың мазмұны ешқандай қосымша құралсыз немесе арнайы әдістерсіз оқуға ыңғайлы түрде көрсетілуі тиіс.

Цифрлық жүйе жіберушіге тіркелетін хаттың (пошта карточкасының) қабылданғаны, жеткізілгені, тапсырылғаны немесе қайтарылғаны туралы, сондай-ақ тіркелмейтін хаттың (пошта карточкасының) қабылданғаны туралы электрондық хабарлама жібереді.

Алғашқы кезеңде қағаз түрінде жіберіліп, кейінгі кезеңде цифрлық жүйелер, интернет-ресурстар, электрондық пошта немесе электрондық абоненттік пошта жәшігі арқылы электрондық хат ретінде жеткізілетін хаттар (пошта карточкалары) адресатқа жеткізу немесе оқылғаны туралы хабарлама алынған сәттен бастап тапсырылған болып есептеледі.

Адресаттың, оның заңды өкілінің, сенімхат негізінде әрекет ететін өкілінің немесе адресаттың келісімімен пин-код енгізу немесе тіркелетін хаттың (пошта карточкасының) штрих-кодын сканерлеу арқылы алған үшінші тұлғаның алғаны туралы хабарлама электрондық түрде қалыптастырылып, жеткізу (тапсыру) мәртебесі пайда болғаннан кейін цифрлық жүйеге немесе пайдаланушының электрондық абоненттік пошта жәшігіне жіберіледі.

Қайтарылған жағдайда, егер жасалған шартта өзгеше көзделмесе, гибридті жөнелтілімдер пайдаланушының цифрлық жүйесінде қайтару мәртебесі расталғаннан кейін жойылады.

Қағидаға сәйкес, пошта операторлары пошта жөнелтілімін қабылдамас немесе тапсырмас бұрын пайдаланушыдан дербес деректерді жинауға, жинақтауға, пайдалануға және сақтауға келісім алуға міндетті. Мұндай келісім:

Тіркелетін пошта жөнелтілімі:

Егер жіберуші дербес деректерді жинауға, жинақтауға, пайдалануға және сақтауға келісім беруден бас тартса, пошта операторы пошта жөнелтілімін пайдаланушыға тапсырмайды.

"Үкіметтік" деген қосымша белгісі бар пошта жөнелтілімдерін Қазақстан Республикасының мынадай лауазымды тұлғалары жібере алады:

Қағидада "Үкіметтік" санатындағы пошта жөнелтілімдері бірінші кезекте өңделіп, жеткізілетіні де көрсетілген.

Бұйрық 2026 жылғы 27 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Ғалым, мұғалім, дәрігер: Орталық сайлау комиссиясы "Әділет" партиясының кандидаттар тізімін тіркеді

Қазақстанда 30-дан астам жаңа мамандық пайда болады

2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты матчтарының Қазақстан уақыты бойынша кестесі жарияланды

Бір тәулікте 55 орман өрті: Қазақстанда найзағай тілсіз жауға себеп болды

Қазақстандағы мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы: оларды кім және қанша алады