Көлік нөмірін картоннан жасап алған павлодарлық жүргізуші ұсталды

Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Павлодарда патрульдік полиция қызметкерлері мемлекеттік тіркеу нөмірі күмән тудырған Lada Granta автокөлігін тоқтатты. Мәліметтер базасы арқылы жүргізілген тексеру барысында бұл мемлекеттік нөмірмен тіркелген көлік ресми түрде мүлде жоқ екені анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тексеру барысында жүргізушінің мемлекеттік тіркеу нөмірін қарапайым картоннан өз қолымен жасап алғаны белгілі болды.

"Жалған мемлекеттік нөмірмен көлік басқарғаны үшін құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, автокөлігі арнайы айып тұрағына қойылды. Патрульдік полиция жалған және қолдан жасалған мемлекеттік нөмірлерді анықтау бойынша күн сайын рейдтік іс-шаралар жүргізеді", – деді Павлодар қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальоны қызметінің инспекторы Захар Стрельников.

Жыл басынан бері өңірде мемлекеттік тіркеу нөмірлеріне қатысты осындай заңсыз әрекеттер жасаған 50 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты