Мемлекеттің цифрлық архитектурасы қалай қалыптасады: ережелер бекітілді

Фото: freepik
Премьер-Министрдің орынбасары - жасанды интеллект және цифрлық даму министрі 2026 жылғы 23 шілдедегі бұйрықпен мемлекеттің цифрлық архитектурасын қалыптастыру, дамыту және мониторингілеу қағидаларын бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жоспарланатын цифрлық объект – қаржыландырылуы бюджет қаражаты, оның ішінде Қазақстан Республикасының цифрландыру саласындағы заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаржыландыру көздері есебінен жүзеге асырылатын, "цифрлық мемлекет" цифрлық объектілерін құру және дамыту, платформалық бағдарламалық өнімдерді әзірлеу және орналастыру жөніндегі жоба;

Мемлекеттің цифрлық архитектурасын қалыптастыру және дамыту мынадай қағидаттар негізінде жүзеге асырылады:

Цифрлық жүйелер мен цифрлық платформалар мемлекеттің цифрлық инфрақұрылымының үйлесімділігін, ауқымдалуын, технологиялық орнықтылығын және кезең-кезеңімен дамуын қамтамасыз ететін бірыңғай архитектуралық тәсілдер негізінде жобаланады және дамытылады.

Цифрлық жүйелер стандартталған интерфейстер, хаттамалар және деректер форматтары арқылы өзара іс-қимылды және деректер алмасуды қамтамасыз ете отырып, "цифрлық үкіметтің" бірыңғай цифрлық кеңістігін қалыптастырады;

Цифрлық жүйелердің архитектурасы бұлттық инфрақұрылымда орналастыру және пайдалану мүмкіндігін ескере отырып жобаланады, бұл ауқымдаудың икемділігін, істен шығуға төзімділікті және есептеу ресурстарын пайдалануды оңтайландыруды қамтамасыз етеді.

Цифрлық шешімдер модульділікті, компоненттерді қайта пайдалануды, сервистердің ең аз өзара байланысын, сондай-ақ мемлекеттік цифрлық көрсетілетін қызметтерді қалыптастыру үшін оларды икемді түрде құрастыру мүмкіндігін көздейтін сервистік тәсіл негізінде іске асырылады;

Цифрлық деректер архитектурасы деректердің тұтастығын, анықтығын, үйлесімділігін, қорғалуын және ұтымды пайдаланылуын, сондай-ақ эталондық дереккөздерді айқындауды және ақпаратты өңдеудің бірыңғай стандарттарын қамтамасыз етеді.

Мемлекеттің цифрлық архитектурасы киберқауіпсіздік, деректерді қорғау, киберқатерлерге орнықтылық және аса маңызды цифрлық сервистердің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету талаптары ескеріле отырып қалыптастырылады.

Мемлекеттің цифрлық архитектурасын қалыптастыру архитектура қабаттарын мынадай ретпен дәйекті түрде құру арқылы жүзеге асырылады:

Мемлекеттік цифрлық архитектурасын қалыптастыру және дамыту процесі келесі кезеңдерді қамтиды:

Ағымдағы мемлекеттік цифрлық архитектура аясында архитектуралық-үйлестіруші орталық мемлекеттік цифрлық объектілердің архитектуралық порталында:

Домендік модель негізінде мемлекеттің нысаналы цифрлық архитектурасын құру мынадай қағидаттарға негізделеді:

Мемлекеттің цифрлық архитектурасының барлық қабаттары бойынша жұмыстар аяқталғаннан кейін Архитектуралық-үйлестіруші орталық жұмыстардың нәтижелерін өзінің әдіснамалық қамтамасыз етуіне сәйкес цифрлық нысанда ресімдейді және келісу үшін уәкілетті органға ұсынады.

Уәкілетті орган мемлекеттің цифрлық архитектурасы жобасын алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей оны келіседі, дәлелді ескертулер мен ұсыныстар болған жағдайда келісуден бас тартады.

Архитектуралық-үйлестіруші орталық уәкілетті органның ескертулері мен ұсыныстары бойынша мемлекеттің цифрлық архитектурасы жобасын пысықтайды және оған қажетті өзгерістер енгізеді.

Архитектуралық-үйлестіруші орталықтың ескертулерді жою мерзімі уәжді бас тарту алынған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайды.

Пысықталған жобаны уәкілетті органның қайта қарауы 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Қайта қарау кезінде бастапқы бас тартуда бұрын көрсетілмеген жаңа ескертулерді ұсынуға жол берілмейді.

Пысықталған мемлекеттің цифрлық архитектурасы архитектуралық порталда цифрлық нысанда орналастырылады.

Бұйрық 2026 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматылықтар тұрғылықты жеріне жақын маңда автокөлігін тегін қоя алады

Автобустың есігін өзі жөндеп алып, жүргізуші куәлігінсіз жолаушы тасымалдаған қазақстандық ұсталды

Темірлан Анарбековтың сейві "Қайратты" Чемпиондар лигасы іріктеуінің үшінші кезеңіне шығарды

Бейнекамералар мен жол қауіпсіздігі: ІІМ ұсынуынан кейін қандай шаралар қабылданды

Самара – Шымкент тас жолында жантүршігерлік жол апаты болып, үш жұмысшы қаза тапты