Алматыда есірткіні жасырын орындарға қалдырумен айналысқан 29 жастағы ер адам ұсталды

Сурет: pexels
Алматы қаласының Медеу ауданында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі заттарын таратумен айналысты деген күдікпен 29 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жеке тінту барысында одан оқшаулағыш таспамен мұқият оралған ондаған түйіншек тәркіленді. Оның бір бөлігінен марихуана, ал қалғанынан алдын ала мәлімет бойынша синтетикалық есірткі заттары табылды.

Тергеу нұсқасына сәйкес, олар кейіннен жасырын орындарға қалдыру арқылы таратылуға дайындалған.

Күдіктінің айтуынша, ол шамамен бір ай бұрын интернет арқылы "жұмыс" тауып, есірткіні жасырын орындарға қалдырумен айналыса бастаған.

"Аталған дерек бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта полицейлер есірткінің жеткізу арнасын, қылмыстық кәсіпті ұйымдастырушыны және заңсыз есірткі айналымына қатысы бар өзге де тұлғаларды анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр", делінген полиция хабарламасында.

Бұған дейін мас күйде көлік жүргізіп, есірткі де тұтынған шетелдікті полиция елден шығармақ болғанымен, оны сот қорғап қалғанын жазғанбыз.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

1 қарашада қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

"Қар жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 2 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Асыл Айтақын күрестен әлем чемпионатында қола жүлдеге бір қадам жетпей қалды

Алматыда жүргізушілерді наразылық акциясына шығуға үндеген ер адам 15 тәулікке қамалды

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 1 қараша