Қазақстанда музей қорын қалыптастыру қағидалары өзгерді

Фото: Zakon.kz
Премьер-министр орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрінің 2026 жылғы 30 шілдедегі бұйрығымен Қазақстан Республикасының музей қорын қалыптастыру және күтіп-ұстау қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатқа сәйкес, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтар тұрақты сақтауға қабылданған мәдени құндылықтар туралы мәліметтерді тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей "Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі" РМКК-ге жолдайды.

ҚР Ұлттық музейі бұл мәліметтерді жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 15 наурызынан кешіктірмей белгіленген нысан бойынша мәдениет саласындағы уәкілетті органға ұсынады.

Тұрақты сақтаудағы мәдени құндылықтар туралы мәліметтер Ұлттық музей электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде жүргізетін Қазақстан Республикасы музей қорының мемлекеттік каталогына енгізіледі.

Бұйрық 2026 жылғы 17 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаштың орындауындағы түрікше ән бірнеше елдің чарттарын бағындыруда

"Жақсы жаңалығым бар!". Мемлекеттік білім гранттары иегерлерінің тізімі 7 тамызда жарияланатыны белгілі болды

Сақтандыру қызметіне бірқатар өзгерістер енгізілді

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Екі баланың анасын бұрынғы күйеуі соққыға жығып өлтірген