Қазақстанда үй жануарларын асырау қағидалары өзгерді

Фото: pxhere
Экология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушы 2026 жылғы 6 тамыздағы бұйрығымен Үй жануарларын асырау және серуендетудің үлгілік қағидаларына өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Енді қағидаларға сәйкес, үй жануарын одан әрі асырау мүмкін болмаған жағдайда оның иесі немесе жауапты тұлға жануарды басқа жерге орналастыру шараларын қабылдауға тиіс. Атап айтқанда, оны жануарларға арналған панажайға, жануарларды уақытша ұстау пунктіне немесе асырауға қажетті жағдай жасай алатын жеке не заңды тұлғаларға беруге болады.

Сондай-ақ үй жануары уақытша ұстау пунктіне берілген жағдайда, оның заңды тағдыры айқындалғанға дейін жануарды асырауды иесі немесе жауапты тұлға қамтамасыз ететіні белгіленді.

Бұл ретте жануардан бас тарту оның иесін немесе жауапты тұлғаны міндеттерінен босатпайды. Олардың үй жануарына қатысты міндеттері жануарды басқа тұлға меншігіне алғанға, ол жануарларға арналған панажайға берілгенге немесе уақытша ұстау пунктіне тапсырылған жағдайда оның заңды тағдыры айқындалғанға дейін сақталады.

Бұйрық 2026 жылғы 24 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін