Мемлекеттік мекемелердегі кадрлық үдерістер цифрлық форматқа көшіріледі

Фото: freepik
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы 2026 жылғы 18 тамыздағы бұйрығымен мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің цифрлық кадр жүйесінде кадрлық үдерістерді жүргізу қағидаларын бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қағидалар мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі кадрлық үдерістерді цифрлық кадр жүйесінде жүргізу тәртібін айқындайды.

Құжаттың талаптары:

Сондай-ақ қағидалардың күші мемлекеттік құпияларды қамтитын құжаттарға қатысты қолданылмайды.

Цифрлық кадр жүйесінің негізгі міндеттері:

Ұйымдар жүйеге қызметкер туралы, оның жұбайы мен Қазақстан Республикасының азаматы болып саналатын жақын туыстарының ЖСН-дері туралы мәліметтерді енгізеді. Сондай-ақ қызметкер бұрын еңбек қызметін жүзеге асырған ұйымдардың БСН-дері немесе жеке кәсіпкерлердің ЖСН-дері және оны жұмысқа қабылдауға, еңбек қызметіне әрі еңбек қатынастарын тоқтатуға байланысты өзге де ақпарат көрсетіледі.

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қызметкер аталған мәліметтерді ұсына алмаған жағдайда, жұмыс беруші мүдделер қақтығысын анықтау мақсатында оларды цифрлық жүйелерден ала алады.

Жүйе тек қызметтік мақсатта пайдаланылады.

Ұйымдар барлық кадрлық үдерістерді "Бірыңғай кадр жүйесінде" (БКЖ) жүргізеді.

Олар кадрлық мәліметтердің дұрыстығын, толықтығын және өзектілігін қамтамасыз етуге міндетті. Жүйеде жұмысқа қабылдау, еңбек қызметін жүзеге асыру, ауыстыру, көтермелеу, тәртіптік жауапкершілікке тарту және еңбек қатынастарын тоқтатуға байланысты үдерістер рәсімделіп, есепке алынады.

Кадрлық үдерістер шеңберінде қалыптастырылған электрондық құжаттар Қазақстан заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде сақталады, архивке өткізіледі әрі жойылады. Бұл ретте олардың заңдық маңызы, сақталуы және түпнұсқалығын кейіннен растау мүмкіндігі қамтамасыз етілуге тиіс.

Бұйрық жекелеген нормаларды қоспағанда, 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі. Ал аталған нормалар 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Жасанды бал сатқандарға 20 тамыздан бастап қомақты айыппұл салынады

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде кадрлық ауыс-түйіс болды