Диктант, бақылау, мазмұндама: Оқушыларға түсетін жүктеме арта түсе ме

Сурет: Zakon.kz
Бақылаудың әртүрлі болуы қазақстандық оқушыларға түсетін жүктемені арттырмай, функционалдық сауаттылық пен сыни ойлауды дамытуға көмектеседі. Бұл туралы 2026 жылдың 25 тамызында ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында педагог Жанар Жақсылықова мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.


Павлодар қаласындағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы инновациялық үлгідегі жалпы орта білім беру мектебінің педагог-шебері Жанар Жақсылықованың айтуынша:

"Оқытушы оқушыға ұсынатын зерттеу және жобалық тапсырмалардың да маңызы зор. Олар оқушының ақпаратты талдау, салыстыру, қорытынды жасау, өз шешімін негіздеу және жұмыс нәтижесін ұсыну дағдыларын дамытады", – деді спикер.

Бұл ретте ол педагогтердің ұсынысы бойынша каллиграфиялық дағдыларды дамытуға да ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті.

"Бұл тапсырмалардың барлығы функционалдық сауаттылық пен сыни ойлауды дамытуға мүмкіндік береді. Себебі оқушыдан тапсырманы орындауды ғана емес, оны түсіну, қолдану, талдау және өз ойын негіздеу талап етіледі", – деп атап өтті Жанар Жақсылықова.

ҚР оқу-ағарту министрлігінің өкілдері бұл бақылау түрлері оқушыларға қосымша жүктеме түсірмейтінін атап өтті.

Бұған дейін министрлік оқушылардың тоқсандық қорытынды бағасы бірыңғай формула бойынша автоматты түрде есептелетінін айтқан болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

Қазақстанда кредит қайта кешіріле ме