Астана қаласының прокуратурасы 2026 жылы 9 қыркүйекте хабарлағандай, мониторинг барысында Hyundai Palisade көлігінің 25 жастағы жүргізушісі анықталып, ол тек биылғы жылдың өзінде жол қозғалысы ережелерінің талаптарын 306 рет елемеген.
"Оның 169 құқық бұзушылығы белгіленген қозғалыс жылдамдығын асырумен байланысты болса, 134 жағдайда ол автобус жолағымен жүрген", деп нақтылайды құзырлы орган.
Мәселен, ағымдағы жылдың 3 мамырында бейнебақылау камералары оның "Ұлы Дала" даңғылымен сағатына 137 шақырым жылдамдықпен жүргенін тіркеген.
Құқық бұзушылықтың қоғамдық қауіптілігі мен жүйелі сипатын ескере отырып, сот оның әрекеттерін ұсақ бұзақылық деп бағалап, 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасын тағайындады.
Бұған дейін Алматыда мыңнан астам адам жүргізуші куәлігінен автоматты түрде айырылатыны хабарланған.