Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қымбат металдардың заңсыз айналымы фактілерін анықтауға және жолын кесуге бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларының кешені барысында полиция қызметкерлері заңсыз өндірісті ұйымдастыруға қатысы бар адамдарды анықтады.
Тергеу іс-шаралары шеңберінде үй-жайлардан арнайы жабдық пен құрамында алтын бар материал тәркіленді.
"Ауыл тұрғындары кенді өңдеуге арналған арнайы үй-жайларды жабдықтап, заңсыз өндірісті өз бетінше ұйымдастырғаны алдын ала анықталды. Екі факті бойынша да қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, қажетті тергеу шаралары жүргізілуде", делінген хабарламада..
Бұған дейін бес жасар қыз алтын құймасын жұтып қойып, өліп қала жаздағанын жазғанбыз.