Энергия өндірушілердің шығындары мен тарифтеріне қатысты жаңа ережелер күшіне енеді

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Энергетика министрі 2026 жылғы 7 қыркүйектегі бұйрығымен электр энергиясына шекті тарифті және электр қуатының дайындығын қамтамасыз ету қызметіне арналған шекті тарифті бекіту қағидаларына өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, энергия өндіруші ұйымдар мынадай санаттарға бөлінеді:

Электр энергиясын өндіруге жұмсалатын шығындар

Электр энергиясына шекті тарифтерді қалыптастыру кезінде ескерілетін электр энергиясын өндіруге арналған шығындарға мыналар жатады:

Кезең шығындары

Кезең шығындарына мыналар енгізіледі:

Мұндай шығындар Қазақстан Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлеменің 2,5 еселенген мөлшерінен аспайтын шекте есептеледі.

Инвестициялық жобалары бойынша шығындарды қаржыландыру көзі шекті тарифтің инвестициялық құрамдас бөлігінен бөлек елеулі көлемдегі сыртқы қаржыландыру (кредиттер, қарыздар) болған энергия өндіруші ұйымдар үшін, сондай-ақ бұрын тартылған міндеттемелердің негізгі борышын қайта қаржыландыру және өтеу мақсатында алынған кредиттер, қарыздар мен өзге де қаражаттар үшін, егер олар Әдістеменің 2-тарауы 1-параграфы қолданысқа енгізілген жылға дейін алынған болса, ұйымның бастамасы бойынша кезең шығындарына мыналар енгізіледі:

Бұл ретте осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген энергия өндіруші ұйымдар үшін электр энергиясына шекті тарифтердің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін электр энергиясына шекті тарифті есептеу формуласындағы пайда нормасы нөлге теңестіріледі.

Шекті тарифті түзету тәртібі

Электр энергиясына шекті тарифтерді қалыптастыру кезінде ескерілетін шығындар тікелей электр энергиясын өндіруге қатысты болуы тиіс.

Егер кейінгі жылдарға электр энергиясына шекті тарифті түзету қажет болса, энергия өндіруші ұйымдар 1 қыркүйекке дейін уәкілетті органға оның ақпараттық жүйесі арқылы өтініш беріп, электр энергиясын өндіруге жұмсалатын шығындардың болжамды өсуі туралы ақпарат ұсынады.

Оған растайтын құжаттар, алдыңғы жылдағы қаржылық есептілік, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарларында көзделген инфляцияның болжамды деңгейін ескере отырып жасалған есептеулер қоса берілуі тиіс.

Егер пайда нормасы өзгерген жағдайда да шекті тарифті түзету қажет болса, энергия өндіруші ұйымдар 1 қыркүйекке дейін уәкілетті органның ақпараттық жүйесі арқылы шекті тарифті түзету туралы өтініш пен Пайда нормасын айқындау әдістемесіне сәйкес жасалған есептеулерді ұсынады.

Уәкілетті орган түзеткен электр энергиясына шекті тарифтер мен теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифтер тарифтер түзетілген жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі. Бұған Әдістеменің 2-тарауы 1-параграфы қолданысқа енгізілетін жыл ерекшелік болып табылады.

Ағымдағы жылы шығындар артқан жағдайда

Егер ағымдағы жылы электр энергиясын өндіруге жұмсалатын нақты шығындар өссе, энергия өндіруші ұйымдар жылына бір реттен артық емес уәкілетті органның ақпараттық жүйесі арқылы шығындардың өскені туралы ақпаратты ұсына алады.

Бұл ақпаратқа растайтын құжаттар қоса берілуі тиіс және ол электр энергиясына өзгертілген шекті тарифтерді енгізу болжанған күнге дейін екі ай бұрын беріледі.

Өзгертілген электр энергиясына шекті тарифтер олар бекітілген айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту және түзету кезінде энергия өндіруші ұйымдар тиісті кезеңге арналған салық декларациясын ұсынады.

Растайтын құжаттар болмаған жағдайда уәкілетті орган энергия өндіруші ұйымға хабарлай отырып, электр энергиясына шекті тарифті түзетуден бас тартады.

Жыл сайын есеп беру міндеті енгізілді

Сонымен қатар қағидалар мынадай жаңа тармақпен толықтырылды:

Бұдан бөлек, басқа да нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізілді.

Бұйрық 2026 жылғы 21 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмола облысында салынып жатқан кірпіш зауытынан Қытайдың 75 азаматы ұсталды