Ақмола облысында мопедпен қауіпті трюктер орындаған қос жас видеоға түсіп қалған

Сурет: pixabay
Ақмола облысында мопедпен қауіпті трюктар жасап, жол ережесін бұзған 17 жастағы жасөспірім мен 18 жастағы жігіт полиция назарына ілікті. Құқық бұзушылар бейнебақылау камераларына мониторинг жүргізу кезінде анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқыс оқиға 12 қыркүйекте, сағат 21:00 шамасында болған. Полиция мәліметінше, кәмелетке толмағандар өздерінің және басқа жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне қауіп төндірген.

Осы факт бойынша 18 жастағы жүргізушіге қатысты мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінсіз көлік құралын басқарғаны, жолаушыларды тасымалдау қағидаларын және жол жүрісі қағидаларының талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік іс жүргізулер тіркелді.

17 жастағы жасөспірімге қатысты жол қозғалысы ережелерінің талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік іс жүргізілді. Мопедтерге арналған құжаттар бар болды.

Жасөспірімдермен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Анықталған бұзушылықтар бойынша заңнамаға сәйкес шаралар қабылданды.

Бұған дейін Қызылорда облысында полицейді өлтірген күдікті қамауға алынғаны хабарланған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған