Қазақстан климаттың өзгеруіне қалай бейімделеді: бейімделу процесін ұйымдастыру қағидалары бекітілді

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Экология және табиғи ресурстар министрі 2026 жылғы 3 тамыздағы бұйрығымен Климаттың өзгеруіне бейімделу процесін ұйымдастыру және іске асыру қағидаларын бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қағидаларға сәйкес, орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ астана, облыстар және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктері өз құзыреті шеңберінде климаттың өзгеруіне бейімделу процесін Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын немесе өзге де жоспарлау құжаттарын әзірлеу туралы шешім қабылданған сәттен бастап жүзеге асырады.

Бұл процесс климаттың өзгеруіне бейімделу үшін басымдық ретінде айқындалған Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарын әзірлеу және іске асырудың бүкіл кезеңін қамтиды.

Климаттың өзгеруіне осалдықты бағалау және бейімделуді жоспарлау үшін орталық және жергілікті атқарушы органдар жинайтын ақпарат климат және климаттың әсері туралы мәліметтерді қамтиды.

Ақпарат мынадай көздерден жиналады:

Қолжетімді ақпарат көздерінен мәліметтер жинау бейімделуді жоспарлау процесінің ерекшеліктерін, бейімделуге жататын мемлекеттік басқару саласын (ауыл шаруашылығы, су шаруашылығы, орман шаруашылығы, азаматтық қорғау), бейімделуді жоспарлау деңгейін және бейімделу жоспарланып отырған өңірдің ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге асырылады.

Климат және климаттың әсері туралы ақпаратты климаттың өзгеруіне осалдықты бағалауды және бейімделуді жоспарлауды жүзеге асыратын орталық және жергілікті атқарушы органдармен келісу арқылы уәкілетті орган айқындайды.

Сонымен қатар осы кезеңде орталық және жергілікті атқарушы органдар климаттың өзгеруінің болжамды әсерлері туралы ақпаратты да қалыптастырады. Ол климаттың өзгеруі жөніндегі сарапшылармен, климаттың өзгеруіне бейімделу үшін басымдық ретінде айқындалған мемлекеттік басқару салаларының және өңірлердің сарапшыларымен фокус-топтарда талқылау негізінде әзірленеді.

Климаттың өзгеруіне осалдықты бағалау мынадай кезеңдерді қамтиды:

Әсер ету шеңберін климаттың өзгеруіне осалдықты бағалауды жүзеге асыратын орталық және жергілікті атқарушы органдар белгілейді.

Әсер ету шеңберінің мазмұны әртүрлі объектілерге қатысты климаттың өзгеруіне осалдықты бағалау кезінде өзгеруі мүмкін және мынадай негіздер бойынша айқындалады:

Әсер ету шеңберін айқындау кезінде орталық және жергілікті атқарушы органдар:

Бір бағалау шеңберінде орталық және жергілікті атқарушы органдар бейімделу үшін басымдық ретінде айқындалған мемлекеттік басқару саласының климаттың өзгеруіне осалдығын қамтиды.

Климаттың өзгеруіне осалдықты бағалау аяқталғаннан кейін бір ай ішінде олар жүргізілген осалдықты бағалау нәтижелері туралы ақпаратты уәкілетті органға ұсынады.

Климаттың өзгеруіне бейімделуді жоспарлау

Климаттың өзгеруіне осалдықты бағалау нәтижелері негізінде орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ астана, облыстар және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктері климаттың өзгеруіне бейімделуді Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары және/немесе климаттың өзгеруіне бейімделу үшін басымдық ретінде айқындалған өзге де жоспарлау құжаттары шеңберінде жоспарлайды.

Климаттың өзгеруіне бейімделуді жоспарлау бейімделу мақсаттарын тұжырымдауды, оларға сәйкес міндеттер мен нысаналы индикаторларды айқындауды қамтиды және климаттың өзгеруіне байланысты сараланған осалдықтар мен климаттық қауіптер негізінде жүзеге асырылады.

Климаттың өзгеруіне бейімделу мақсаттары Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарында және/немесе климаттың өзгеруіне бейімделу үшін басымдық ретінде айқындалған өзге де жоспарлау құжаттарында белгіленген мақсаттарға климат өзгерісінің әсерін ескеруге және анықталған климаттық осалдықтарды ескере отырып, оларды түзету мүмкіндігіне бағытталады.

Климаттың өзгеруіне бейімделу мақсаттары мынадай өлшемдерге сәйкес қысқа әрі нақты айқындалады:

Бейімделу шараларын әзірлеу

Климаттың өзгеруіне бейімделу шараларын орталық немесе жергілікті атқарушы органдар мүдделі тараптардың қатысуымен әзірлейді.

Оларға қоғамдық ұйымдар, жұртшылық, бизнес өкілдері, ғылыми және сараптамалық ұйымдар жатады. Олармен нақты осалдық факторлары немесе әзірленіп жатқан шараларға қатысты өзге де мәселелер бойынша фокус-топтар өткізіледі.

Фокус-топтардағы талқылаулар әрбір климаттық осалдық бойынша қатысушыларға:

Сонымен қатар фокус-топтардағы талқылау нәтижелерін құжаттауға жауапты мемлекеттік орган қызметкері тағайындалады.

Климаттың өзгеруіне бейімделу шаралары анықталған ықтимал климаттық осалдықтар бойынша, олардың басымдық деңгейін ескере отырып әзірленеді.

Бұл ретте әрбір осалдық бойынша климаттық қауіп, сол осалдықпен байланысты климаттық қауіптің ықтималдығы, климаттық қауіп деңгейі және осалдықтың жалпы тәуекел деңгейі айқындалады.

Климаттың өзгеруіне бейімделу шараларының көлемін орталық және жергілікті атқарушы органдар сараланған осалдықтар мен климаттық қауіптерге, сондай-ақ климаттың өзгеру деңгейіне қарамастан оларды іске асырудан оң нәтижелер алу мүмкіндігіне қарай айқындайды.

Бейімделу шараларын бағалау

Әзірленген климаттың өзгеруіне бейімделу шаралары мынадай өлшемдер бойынша бағаланады:

Климаттың өзгеруіне бейімделу бойынша ұсынылған шаралардың басымдығын орталық және жергілікті атқарушы органдар мынадай деңгейлер бойынша айқындайды:

Егер екі немесе одан да көп өлшем бойынша "жақсы" деген баға қойылып, қалған өлшемдер кемінде "қанағаттанарлық" деп бағаланса, климаттың өзгеруіне бейімделу шарасына "Іске асыру" басымдығы беріледі.

Тиімділік көрсеткіші "нашар" деп бағаланған климаттың өзгеруіне бейімделу шарасы бағалаудан шығарылады.

Кез келген өлшем бойынша екі немесе одан да көп "нашар" деген баға алған шешімдер де қараудан шығарылады.

"Іске асыру" басымдығын алған климаттың өзгеруіне бейімделу шаралары бейімделу процесінің кейінгі кезеңдерінде тиісті орталық немесе жергілікті атқарушы орган тарапынан қаралады.

Ал "Бағалау" басымдығын алған шаралар оларды іске асыру мүмкіндігін анықтау үшін қосымша талдауды қажет етеді.

Техникалық есеп

Климаттың өзгеруіне бейімделу шараларын әзірлеу процесінің нәтижелері бойынша климаттың өзгеруіне бейімделу процесіне жауапты мемлекеттік органдар, орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ астана, облыстар және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктері техникалық есеп дайындайды.

Есепте мынадай ақпарат қамтылады:

Мониторинг және шараларды түзету

Егер мониторинг пен бағалау нәтижесінде жоспарланған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес климаттың өзгеруіне бейімделу шараларын іске асыруға кері әсер ететін жаңа ақпарат алынған жағдайда, тиісті орталық немесе жергілікті атқарушы орган, сондай-ақ астана, облыстар және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктері бұл ақпаратты климаттың өзгеруіне бейімделу шараларын түзетуге негіз ретінде қарастырады.

Уәкілетті орган климаттың өзгеруіне бейімделу процесін ұйымдастыру және іске асыру мәселелері бойынша басқа да орталық және жергілікті атқарушы органдармен, астана, облыстар және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктерімен қызметті үйлестіреді.

Үйлестіру мемлекеттік органдардың климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі жұмысының келісімді әрі тиімді жүргізілуін қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл ретте бір шараны іске асыру басқа шараларға кері әсер етпеуге тиіс.

Бұйрық 2026 жылғы 15 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Селин Дион ауыр дерттен кейін сахнаға оралды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын қашан жасайтынын айтты

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді