Ұшақ Астана әуежайына қонғаннан кейін ер адам акт бойынша Көліктегі полиция басқармасының қызметкерлеріне берілді.
"Көлік полицейлері 36 жастағы Ресей азаматының алкогольдік масаң күйде болғанын және қоғамдық тәртіпті бұзғанын анықтады. Ол ұшақ экипажының талаптарын орындамай, басқа жолаушылардың ар-намысына тиетін балағат сөздер айтқан", – деді полиция полковнигі, Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары Құрмет Мәжікенов 2026 жылы 18 қыркүйекте.
Құқық бұзушы бірден бірнеше құқық бұзушылық бойынша жауапкершілікке тартылды:
- ұсақ бұзақылық,
- алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу,
- сондай-ақ әуе кемесіндегі мінез-құлық қағидаларын бұзу.
"Сот шешімімен шетел азаматы 12 тәулікке қамауға алынды. Сонымен қатар, жолаушының бұған дейін де, бір жыл ішінде, алкогольдік ішімдік ішкені үшін жауапкершілікке тартылғаны анықталды", - дейді полициядан.
Бұған дейін Алматыда электросамокатпен құйғытқан ер адам опат болғанын жазғанбыз.