Оның айтуынша, отандық өндірушілер "СК-Фармацияның" отандық тауар өндіруші мәртебесін растауға қатысты талаптарды әртүрлі қолданатынын айтып отыр.
"Егер, кейбір қатысушылардан бұл мәртебені растау міндетті түрде талап етілсе, ал "басқа" қатысушыларға қатысты дәл осындай талаптар мүлде қойылмайды немесе постфактум ғана қойылады. Сатып алу қағидалары барлығына бірдей болуы тиіс. Қатысушыларды алдымен сатып алу рәсіміне қатысуға жіберіп, кейін нақты жеткізушіге немесе тауарға қарай қойылатын талаптарды іс жүзінде өзгертуге болмайды. "СК-Фармация" өз тәжірибесі бойынша жаңа талаптар белгілей алмайды, әсіресе оларды таңдамалы түрде қолдануға жол берілмеуі тиіс", - дейді ол.
Депутат бұл мәселенің өзектілігін Денсаулық сақтау министрлігінің өзі 2026 жылғы бірінші жартыжылдықтағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында анықтаған ұқсас тәуекел де көрсететінін баса атап өтті. Соған қарамастан, мысалы, министрліктің ресми дистрибьютор мәртебесін растайтын құжаттар сатып алуға қатысу үшін міндетті емес деген ұстанымына қарамастан, "СК-Фармацияның" үлгілік шартында мұндай құжаттарды төлем жасау сатысында ұсыну талабы әлі де сақталып отыр.
Сондай-ақ, Асылхан Қожахметовтың айтуынша, 2027 жылға медициналық бұйымдарды баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу мәселесі аса маңызды сұрақтар туындатады.
"Аталған сатып алу 2026 жылғы 26 маусымда жарияланып, 223 лоттан тұрған. Дәл осы сатып алуға қатысты отандық өндірушілер талаптардың тең әрі ашық қолданылмай отырғанының белгілері бар екенін айтып отыр. Қолда бар ақпаратқа сәйкес, жекелеген тауарларға қазақстандық өндіруші мәртебесін растау жөніндегі талаптар біркелкі қолданылмайды. Қолданыстағы тәртіп мәліметтері мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімдерінде қамтылған субъектілердің де сатып алуларға қатысуына мүмкіндік береді. Нәтижесінде, өндіріске, жұмыс орындарын құруға және өзінің өндірістік базасын дамытуға инвестиция салған отандық өндіруші ел экономикасы алдында осындай міндеттемелер алмайтын қатысушылармен салыстырғанда неғұрлым қолайсыз жағдайға тап болады", - дейді ол.
Оның айтуынша, бұл мемлекеттік саясаттың отандық өндірісті қолдау және өндірісті жергіліктендіру жөніндегі негізгі қағидаттарына қайшы келеді.
Бұған дейін депутат Мейрамбай Кемалов "вандализм қаупі бар аймақтардың картасын" жасауды ұсынған болатын.