Қостанайда кәсіпкер қызметіне жүгінген әйел ақшасыз әрі жиһазсыз қала жаздады

Сурет: unsplash
Қостанай тұрғыны жергілікті жеке кәсіпкер қызметіне жүгінемін деп ақшасыз әрі жиһазсыз қала жаздады. Ортада туындаған дауды сот арқылы шешуге тура келді. Тараптар бейбіт келісімге келе алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қостанай қалалық сотының хабарлауынша, әйел адам кәсіпкерге корпустық жиһаз дайындауға тапсырыс берген. туралы шарт жасасқан. Шарт талаптарына сәйкес тапсырыстың құны 955 000 теңгені, ал бұйымды дайындау мерзімі 25 күнді құраған. Шарт талаптарын орындау мақсатында талап қоюшы 684 000 теңге көлемінде алдын ала төлем жасаған.

"Алайда белгіленген мерзімде жауапкер бұйымды дайындау және тапсыру жөніндегі міндеттемелерін орындамаған. Талап қоюшы жауапкерге шарттық міндеттемелерді орындау немесе ақшалай қаражатты қайтару туралы бірнеше рет жүгінген. Кейін жауапкер 400 000 теңге мөлшерінде ақшалай қаражатты ішінара қайтарған. Қалған берешек сомасы 284 000 теңгені құраған", делінген сот хабарламасында.

Шарттық міндеттемелердің тиісінше орындалмауына байланысты талап қоюшы сотқа жүгініп, сондай-ақ тұрақсыздық айыбын және моральдық зиянды өтеуді өндіріп алуды талап еткен.

Істі қарау барысында тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келген.

Сот бекіткен келісімге сәйкес, талап қоюшы жауапкердің қол жеткізілген уағдаластықтарды орындауы шартымен мәлімделген талаптарынан бас тартқан. Жауапкер талап қоюшыға берешек сомасы мен өкілдің шығындарын қоса алғанда, 434 мың теңгеден астам қаражат төлеуге міндеттенді.

Міндеттемелер уақтылы орындалмаған жағдайда, келісімде берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу, сондай-ақ 42 мың теңгеден астам тұрақсыздық айыбын және 150 000 теңге мөлшерінде моральдық зиянды өтеу мүмкіндігі көзделген. Бұл жағдайда міндеттемелердің жалпы сомасы 627 мың теңгеден асады.

Сот келісімнің талаптарын тексеріп, оның заңнама талаптарына қайшы келмейтініне және тараптардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбайтынына қорытынды жасады. Медиация тәртібімен дауды реттеу туралы келісім сотпен бекітіліп, азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Бұған дейін Астанада ер адам бұрын бірге тұрған әйелді өртеп жібермек болып, қоқан-лоқы көрсеткені үшін сотталғаны хабарланған болатын. Қоғамдық жұмыстарға жегілген оған жәбірленушіге жақындауға тыйым салынды,

Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Жоғары аудиторлық палата мүшелері тағайындалды – Тоқаевтың жарлықтары жарияланды

Тоқаев Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігін құру туралы жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысы "Жасанды интеллект туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Қазақстанның 14 қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі: тізімде Астана мен Алматы бар