Жобаға сәйкес, балаларға кресло-арбалар, балдақтар, жүріс арбалары, таяқтар, тіреуіштер мен тұтқалар уақытша пайдалануға беріледі.
Қажетті құралдарды бала тіркелген алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымы арқылы алуға болады.
Министрліктің мәліметінше, жаңа шара балаларды сауығу кезеңінде жүріп-тұруға және сүйенуге қажетті құралдармен уақтылы қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бұл кешенді көмектің қолжетімділігін арттырып, баланың күнделікті тіршілік әрекеттерінің тұрақты шектелуі мен мүгедектіктің туындау қаупін азайтуға көмектеседі.
Басты мақсат – мүгедектік белгіленгенін күтпей, балаға қажетті көмекті дер кезінде көрсету.
Құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланған. Қоғамдық талқылау 16 қазанға дейін жалғасады.