"Көлігінің кілтін тартып алған". Шымкентте кәсіпкерден басбұзарлар 10 млн теңге талап еткен

Сурет: pixabay
Шымкентте екі ер адам кәсіпкерге тиесілі жүк көлігінің кілтін иемденіп, одан 10 млн теңге талап еткен. Ақша берілмеген жағдайда жүк көлігін иесімен бірге өртеп жіберетіндерін айтып қорқытқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдын ала тергеу мәліметтеріне сәйкес, оқиға қалалық базарлардың бірінде болған. Ет өнімдерін тасымалдау барысында тауар бүлініп, тараптар арасында келтірілген шығынды өтеуге қатысты дау туындаған.

"Жедел іс-шаралар барысында полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ҰҚКД-мен бірлесіп күдіктілерді талап етілген соманың 5 млн теңгесін алып жатқан жерінен ұстады. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Өз бетінше билік ету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда". Шымкент қалалық ПД баспасөз қызметі

Бұған дейін Ақтауда ер адамнан 300 мың теңге талап еткен күдікті ұсталғанын жазғанбыз. Бұл ретте қоқан-лоқы нысаны жәбірленушінің абыройына нұқсан келтіретін ақпарат болған.

Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда алғашқы қар жауып, күн -4°C-қа дейін суытады

21 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Қалың қар жауып, бұрқасын жүреді". Еліміз бойынша 22 қазанға арналған ауа райы болжамы

2027 жылдан бастап АӘК беру мөлшері мен шарттары бекітілді

"Қыстың жақындағаны сезіледі": Қазақстанда ауа температурасы -10°C-қа дейін төмендейді