Қазақстан мен Қытай "Қорғас" халықаралық орталығында қауіпсіздікті қамтамасыз етпек

Фото: Zakon.kz
Қазақстан Үкіметі мен Қытай Үкіметі арасындағы "Қорғас" халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығының аумағында қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету туралы келісімді ратификациялау жөніндегі заң жобасы әзірленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Келісімнің мақсаты – "Қорғас" халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығының аумағында қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін Қазақстан мен Қытайдың құзыретті органдары арасындағы өзара іс-қимылдың тиімді құқықтық тетігін қалыптастыру.

Құжатқа сәйкес, екі елдің құзыретті органдары өз өкілеттіктері шегінде орталық аумағында жасалған құқыққа қайшы әрекеттердің алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу және тергеп-тексеру бағытында өзара іс-қимыл жасайды. Бұған тараптардың кез келгенінің ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіруі мүмкін әрекеттер де кіреді.

Бұл шаралар орталық аумағындағы Қазақстан және Қытай азаматтарына, үшінші мемлекеттердің азаматтарына, екі елдің аумағында тіркелген азаматтығы жоқ адамдарға, заңды тұлғаларға, сондай-ақ заңды тұлға құрмай қызмет ететін ұйымдарға (Қытай тарапы үшін) және олардың мүлкіне қатысты құқыққа қайшы әрекеттерді қамтиды.

Сонымен қатар іздеуде жүрген адамдардың орналасқан жерін анықтау және оларды ұстау мәселелері де қарастырылған.

Қажет болған жағдайда екі елдің құзыретті органдары жазбаша сұрау салу негізінде орталық аумағындағы қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қозғалысын ұйымдастыру, инфрақұрылым нысандарына қызмет көрсету және оларды бақылау мәселелері бойынша консультациялар бастайды.

Құжат қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында жарияланған. Талқылау 18 қарашаға дейін жалғасады.

Қазақстан
Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды

"Тұман, үсік, көктайғақ". Сейсенбіде еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды