Жоба банктердегі алаяқтық және құқыққа қайшы оқиғалар тәуекелдерін басқару жүйесіне қойылатын талаптарды жетілдіруге, сондай-ақ ірі инвестициялық жобаларды банктік қаржыландыру мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.
Бұдан бөлек, құжат банктердегі тәуекелдерді басқару тиімділігін арттыруды, ішкі бақылау тетіктерін жетілдіруді және тау-кен өнеркәсібіндегі ірі инвестициялық жобаларды қаржыландыруға қосымша жағдай жасауды көздейді.
Атап айтқанда, жоба аясында:
- қаржы ұйымдарының тәуекел бейінін ескере отырып, өзге ақпаратқа аудит жүргізу тәртібін жетілдіру ұсынылады. Бұл аудиторлық рәсімдердің сапасы мен тиімділігін арттыруға, ішкі бақылау жүйесін нығайтуға және операциялық тәуекелдерді төмендетуге мүмкіндік береді;
- бір қарыз алушыға шаққандағы тәуекелдің ең жоғары мөлшерінің коэффициентін (К3) есептеу тәсілін жетілдіру көзделген. Бұл банктердің тау-кен өнеркәсібіндегі ірі инвестициялық жобаларды қаржыландыру мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.
Құжат қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында 19 қарашаға дейін тұрады.