Кісі ұрлау, өлтіру: Шымкентте алты адам 20-дан 23 жылға дейін бас бостандығынан айырылды

Сурет: Zakon.kz
Шымкентте жергілікті тұрғынды ұрлап, өлтіру ісі бойынша алты ер адамға қатысты сот үкімі шықты. Сотта жантүршігерлік мәліметтер анықталды: жәбірленушіні топ адам ұрып-соғып, күштеп көлікке отырғызып, Түркістан облысына апарған, оны сол жерде өлтірген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алты сотталушыға қатысты адам өлтіруге оқталу, адамды ұрлау арқылы аса қатыгездікпен, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, бұзақылық ниетпен және араздық уәжімен адам өлтіру, қоғамдық тәртіпті ерекше өрескел бұзу баптары бойынша қылмыстық іс қаралды.

Іс материалдарына сүйенсек, аталған оқиға 2026 жылғы 20 қаңтарда болған. Алты сотталушы және тергеу барысында анықталмаған өзге де тұлғалар алдын ала сөз байласып, жәбірленушіні ұрлау және өлтіру мақсатында "Lexus 570", "Toyota Camry 50" және "ВАЗ 21014" маркалы автокөліктермен жүрген. Олар "Hyundai Sonata" автокөлігінде болған К.В-мен оның екі танысының қозғалысын бақылап, аңдыған.

Шымкент қаласындағы Ерімбетов және Рысқұлов көшелерінің қиылысында "Toyota Camry" автокөлігімен жәбірленушілер отырған көлікті әдейі соққан.

"Осыдан кейін сотталушылар бұзақылық әрекеттер жасау мақсатында автокөліктерден түсіп, пышақ пен тапанша қолданып, жәбірленушілер К.В-ны, Е-ны және К.М-ды ұрып-соққан. Осы кезде сотталушы А. бұзақылық ниетпен жәбірленуші К.М-ның кеуде тұсына қасақана пышақ сұғып, оның денсаулығына ауыр зиян келтірген. Әрі қарай, сотталушылар жәбірленуші К.В-ны "Toyota Camry" автокөлігіне күштеп отырғызып, оқиға орнынан бой тасалаған. Кейіннен олар К.В-ны "ВАЗ 21014" автокөлігіне ауыстырып отырғызып, Түркістан облысы Ордабасы ауданының Қайнар ауылы аумағына алып барған. Аталған жерде сотталушылар К.В-ны өлтіру мақсатында оның басына және денесінің басқа да бөліктеріне доғал және өткір заттармен көптеген соққылар жасап, оны аса қатыгездікпен өлтірген", делінген сот хабарламасында.

Сотталушылардың кінәсі олардың өз кінәсін ішінара мойындаған айғақтарымен, жәбірленушілер мен куәлардың жауаптарымен, заттай дәлелдемелермен, бейнежазбалармен, сот сараптамаларының қорытындыларымен, сондай-ақ жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерімен дәлелденді.

Сот қандай жаза тағайындады

Сот сотталушылардың жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жайлар ретінде олардың кәмелетке толмаған жас балаларының болуын, жәбірленушілер К.В. мен Е. тарапынан кешірім берілуін, сондай-ақ оларға келтірілген зиянның өтелуін таныды. Ал жазаны ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

Жәбірленуші К.М-ның азаматтық талап-арызы ішінара қанағаттандырылып, сотталушылардан оның пайдасына моральдық зиянды өтеу үшін 10 млн теңге, адвокаттың қызметіне жұмсалған шығындар үшін 4 млн теңге өндірілді.

Сондай-ақ, қалалық полиция департаменті мен Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшылығының атына жеке қаулылар шығарылды.Ү

Үкім мен жеке қаулылар заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін Қазақстанда адам саудасына қарсы күрестің үш жылдық жоспары бекітілгені хабарланған.

Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Ондай жан енді қайталанбайды": Баян Алагөзова Меруерт Өтекешеваға тағы да ерекше ықыласын білдірді

Қазақстанда күн райы күрт бұзылады: 5-7 қарашада қалың қар жауып, күн суытады

Айдос Сарым Президент Жолдауын тарихи міндеттерді айқындайтын құжат деп таныды

Қазақстанның курорттық аймағында психотроптық препараттар таратылған

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы