Ақтөбеде бұрынғы жұбайының қолынан қаза тапқан 26 жастағы әйелдің балалары "Үміт" балалар үйіне орналастырылған. Марқұм мен күдікті азаматтық некеде тұрған. Жетім қалған төрт баланың екеуінің әкесі қазір тергеу изоляторында. Ал аналарының өмірі қайғылы жағдайда үзілді. Неке сарайында оны бұрынғы күйеуі пышақтап тастаған. Неке сарайындағылар қанды қылмысқа барған күдікті пышақ сұққан соң, сол жерде тәртіп сақшыларын күтіп тұрған. Қазір қос бүлдіршін ата-анасының қамқорлығынсыз қалды. Балалардың жағдайы тиісті мамандардың бақылауында. Олардың алдағы уақытта кімнің қамқорлығына берілетіні заң аясында шешіледі, деп хабарлайды КТК.
"Отбасылық жағдайларға байланысты екі кәмілетке толмаған бала «Үміт» балалар үйіне орналастырылды. Аталған жағдай балалар құқығын қорғау жөніндегі басқармасының және құқық қорғау органдарының бақылауында. Балаларға қатысты қабылданатын шешімдер заңмен белгіленген тәртіпте және кәмелетке толмағандардың заңды мүддесін ескере отырып қабылданады". Амангелді Қонақбаев, Ақтөбе облыстық балалардың құқығын қорғау басқармасының басшысы
Бұған дейін Павлодар облысында оқушы қыздар зорланғаны, бұл факті бойынша екі қылмыстық іс қозғалғаны хабарланған.