Қызылордада жоғалып кеткен алты жасар қыз аман-есен табылды

Сурет: t.me/POLICE_of_KZ
Кешкі уақытта Қызылорда қаласының полициясына алты жасар қыз баланың жоғалып кеткені туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Хабарды алған бойда патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторы Заңғар Нұрадинов пен ювеналды полиция инспекторы Дамир Ахметулла дереу іздестіру жұмыстарына кірісті.

"Полицейлер аула аумағын аралап, баланың жүрген жерін анықтау мақсатында жедел шаралар қабылдады. Тәртіп сақшылары іздестіру барысында дыбыс күшейткіш құрылғы арқылы қыз баланың аты-жөнін атап, тұрғындардан көмек сұрады. Анықталғандай, бүлдіршін ойнап жүріп, үйінен алыстап кеткен. Жүргізілген іздестіру шараларының нәтижесінде қыз бала аман-есен табылды. Осылайша кішкентай қыз анасына тапсырылды", делінген полиция хабарламасында.

Баласының дін аман табылғанына қуанған анасы тәртіп сақшыларына жедел әрекеті, жанашырлығы мен жауапкершілігі үшін шынайы алғысын білдірді.

Полиция қызметкерлері ата-аналарды балалардың қауіпсіздігіне бейжай қарамауға, оларды қараусыз қалдырмауға және қайда жүргенін үнемі бақылауда ұстауға шақырады.

Бұған дейін Көкшетауда құрылыс алаңынан жоғалған төрт жасар баланың денесі табылғаны хабарланған.

Қызылорда

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның бірнеше өңірінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады

Қарашада үш жұлдыз белгісінің өмірі түбегейлі өзгеруі мүмкін

Қазақстан мен Тәжікстан 14 құжатқа қол қойды

ҚазҰУ журналистика факультетінің бірінші курс студенті қаза тапты

Қазгидромет 8 қарашада жауын-шашын мен көктайғақ болатынын ескертті