Қазақстанда соттылығының бар-жоғы туралы анықтама беру тәртібі өзгереді

Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Бас прокурордың 2026 жылғы 2 қарашадағы бұйрығымен Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мен оның аумақтық органдары көрсететін мемлекеттік қызметтерді ұсыну қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, "Соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына бірқатар түзету енгізілген.

Енді жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның қызметкері "электрондық үкімет" шлюзі (ЭҮШ) арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады. Егер цифрлық жүйелерде қажетті мәліметтер болмаса, құжаттардың цифрлық көшірмелерін жасап, түпнұсқаларын қызмет алушыға қайтарады.

Мемлекеттік корпорация құжаттарды қабылдаған күні қызмет көрсетушіге жеткізуді қамтамасыз етеді.

Құжаттар Мемлекеттік корпорация арқылы тапсырылған кезде қызмет алушыға олардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

Құжаттарды қабылдаған күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

Егер өтініште немесе қызмет алушы ұсынған құжаттарда қателер мен дәлсіздіктер анықталса, олардың нысаны мен мазмұны талаптарға сәйкес келмесе немесе құжаттар топтамасы толық болмаса, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.

Қызмет алушы анықталған кемшіліктерді белгіленген тоқтата тұру мерзімі ішінде жойғаннан кейін құжаттарды қайта тапсыра алады.

Бұл ретте кемшіліктерді түзету үшін бес жұмыс күні беріледі. Аталған уақыт мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің жалпы есебіне кірмейді.

Егер кемшіліктер жойылса, мемлекеттік қызметті алуға арналған өтініш пен құжаттарды қабылдау күні ретінде қызмет алушының алғаш жүгінген күні есептеледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі анықталған кемшіліктер жойылған сәттен бастап қайта жалғасады.

Ал белгіленген мерзімде кемшіліктер түзетілмесе, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтініш пен құжаттарды қабылдаудан бас тартып, соттылығының бар-жоғы туралы анықтама беруге арналған құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

Мемлекеттік корпорация арқылы өтініш берілген жағдайда оның қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш (қызмет алушының сұрау салуы) құжаттар қабылданған күні ЭҮШ арқылы қызмет көрсетушінің "Талдау орталығы" цифрлық жүйесіне жіберіледі.

Ал портал арқылы өтініш берген кезде қызмет алушының жеке кабинетіне мемлекеттік қызмет көрсету туралы сұрау салудың қаралу мәртебесі, сондай-ақ анықтаманы алатын күн мен уақыт көрсетілген хабарлама жіберіледі.

Анықтамадағы сауалнама деректері (тегі, аты, әкесінің аты), туған күні (күні, айы, жылы) және туған жері "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер базасындағы мәліметтерге сәйкес көрсетіледі.

Сонымен қатар қызмет алушының таңдауымен мемлекеттік қызметті прокуратура, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою қызметімен біріктірілген тәсілде алуға болады. Апостиль қойылған соттылығының бар-жоғы туралы анықтаманы алу үшін өтініш портал немесе Мемлекеттік корпорация арқылы жіберіледі.

"Прокуратура, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" мемлекеттік қызметі үшін өтініш пен қажетті құжаттар немесе мәліметтер қабылданған күннен бастап мемлекеттік баж алынады. Оның мөлшері біріктірілген тәсілмен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді реттейтін нормативтік құқықтық актілерге сәйкес белгіленеді.

Мемлекеттік бажды төлеу "электрондық үкімет" шлюзі немесе екінші деңгейлі банктер арқылы жүзеге асырылады.

Егер біріктірілген тәсілмен қызмет алу үшін электрондық өтініш портал арқылы берілсе, қызмет алушы қосымша екі мәліметті таңдайды:

Қызмет нәтижесінде апостиль мөртабаны қойылған соттылығының бар-жоғы туралы қағаз түріндегі анықтама немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы жауап беріледі.

Мемлекеттік корпорация арқылы біріктірілген тәсілмен қызмет алу үшін апостиль қойылған анықтаманы беру туралы өтініш тапсырылады. Сонымен қатар апостиль қою қызметі үшін мемлекеттік баж төленгенін растайтын түбіртек ұсынылады.

Осындай өзгерістер мына мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларына да енгізілді:

Бұйрық 2026 жылғы 17 қарашадан бастап күшіне енеді.

Қазақстан
ҚР Бас прокуратурасы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ҚР Тәуелсіздігінің 35 жылдығы: Шымкентте "Ордабасы" командасының чемпиондығына орай салтанатты жиын өтті

Тоқаев Польша Президентіне көңіл айтты

Жалақыдан ұсталатын салықты есептеу жеңілдейді: Қазақстанда жаңа сервис іске қосылады

Қазақстанның төрт өңірінде жаңбыр аралас қар жауып, қарлы боран соғады: 9 қарашаға арналған жол болжамы

Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында жетінші орын алды